Минскте Абай Құнанбайұлына арналған көрме ашылды

Минскіде Абайға арналған көрме ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2025
Жазылу
Көрме Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылды
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Беларусьтің Минск қаласында Янка Купала атындағы мемлекеттік әдеби музейде Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының арнайы көрмесі ашылды, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Көрме мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

"Экспозицияда Абайдың түпнұсқа шығармалары, тұрмыстық заттары және ақынның рухани және шығармашылық мұрасына байланысты жәдігерлер қойылды", - дейді ведомстводағылар.

Көрменің ашылуына Қазақстанның Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Тимур Жақсылықов, мәдениет министрінің бірінші орынбасары Дмитрий Шляхтин, сондай-ақ бірқатар мемлекеттің елшілері мен қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында жазушы, Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясын аударған Михаил Поздняков музейге арнайы беларусь тіліндегі нұсқасын табыстады.
Абай Құнанбаевтың 18 жылдығына дайындық жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2025
Абайға 180 жыл: Абай облысында 200-ге жуық киіз үй орнатылады
Жаңалықтар
0