https://sputnik.kz/20261001/pakistan-auganstanga-aueden-soqqy-zhasady-togyz-adam-koz-zhumdy-67211760.html
Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы жасады: тоғыз адам көз жұмды
Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы жасады: тоғыз адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Соққыдан 11 адам жарақат алды 01.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-01T10:53+0500
2026-10-01T10:53+0500
2026-10-01T10:54+0500
соққы
пәкістан
ауғанстан
https://sputnik.kz/img/07e9/09/0c/57000894_0:249:2958:1914_1920x0_80_0_0_30fbcfb34c8a44796d9a68dc2dc8ef16.jpg
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. 1 қазанға қараған түні Пәкістан Ауғанстанның шығысы мен оңтүстігінде әуе шабуылдарын жасады, деп хабарлады Ауғанстанның Жоғарғы көшбасшысының өкілі Забихулла Моджахед әлеуметтік желілерде.Ол әйелдер мен балаларды қоса алғанда, тоғыз бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алғанын мәлімдеді. Моджахед мұны агрессия актісі және қабылданған қағидаттарды бұзу деп атады.Пәкістанның салалық министрлігі шабуылдарға қатысты былай деп түсініктеме берді:Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас 2025 жылдың қазан айында нашарлады. Сол кезде Пәкістанның Әскери-әуе күштері Кабулға әуеден шабуыл жасап, ал Ауғанстанның Қорғаныс министрлігі "жауап операциясын" жариялады. Екі тарап бір апта бойы бір-біріне әуеден шабуыл жасап, кейін Қатар мен Түркияның делдалдығымен олар атысты тоқтатуға келісті.
https://sputnik.kz/20260627/aqsh-pen-iran-ozara-kelisimge-qaramastan-tagy-da-bir-birine-shabuyl-zhasady--baq-64489592.html
пәкістан
ауғанстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/0c/57000894_170:0:2722:1914_1920x0_80_0_0_361fdc49d52d88fb36bb3e38fa118913.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
соққы, пәкістан, ауғанстан
соққы, пәкістан, ауғанстан
Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы жасады: тоғыз адам көз жұмды
10:53 01.10.2026 (жаңартылды: 10:54 01.10.2026) Соққыдан 11 адам жарақат алды
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. 1 қазанға қараған түні Пәкістан Ауғанстанның шығысы мен оңтүстігінде әуе шабуылдарын жасады, деп хабарлады Ауғанстанның Жоғарғы көшбасшысының өкілі Забихулла Моджахед әлеуметтік желілерде.
Ол әйелдер мен балаларды қоса алғанда, тоғыз бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алғанын мәлімдеді. Моджахед мұны агрессия актісі және қабылданған қағидаттарды бұзу деп атады.
Пәкістанның салалық министрлігі шабуылдарға қатысты былай деп түсініктеме берді:
"Ауғанстанның әлі де терроризмнің орталығы болуы үлкен алаңдаушылық тудырады. Пәкістанға төнетін қауіп Ауғанстаннан туындайды. Осыған байланысты біздің әрекеттеріміз террористік орталықтарға дәл бағытталды. Ең жоғары сақтық шаралары қабылданды және жанама залалдың болмауы қамтамасыз етілді", - деп хабарлады Пәкістанның Қорғаныс министрлігі.
Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас 2025 жылдың қазан айында нашарлады. Сол кезде Пәкістанның Әскери-әуе күштері Кабулға әуеден шабуыл жасап, ал Ауғанстанның Қорғаныс министрлігі "жауап операциясын" жариялады. Екі тарап бір апта бойы бір-біріне әуеден шабуыл жасап, кейін Қатар мен Түркияның делдалдығымен олар атысты тоқтатуға келісті.