АҚШ пен Иран өзара келісімге қарамастан тағы да бір-біріне шабуыл жасады – БАҚ

© AP Photo / Information Technician Second Class Ruskin NavalАвианосец USS Dwight D. Eisenhower и другие военные корабли пересекают Ормузский пролив и входят в Персидский залив
Авианосец USS Dwight D. Eisenhower и другие военные корабли пересекают Ормузский пролив и входят в Персидский залив - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2026
Жазылу
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптағаннан кейін, америкалық әскери күштер Ормуз бұғазы маңындағы ирандық нысандарға соққы жасады, деп жазады РИА Новости Axios порталына сілтеме жасап.
"АҚШ әскері Ормуз бұғазы ауданындағы Иран нысандарына соққы берді", – делінген хабарламада.
Бұған дейін БАҚ Иранның Сирик қаласы маңында жарылыстар болғанын хабарлаған еді. IRIB мемлекеттік телерадио компаниясының мәліметінше, екі снаряд жергілікті телемұнараға тиген.
Ал PBS News телеарнасының журналисі Ник Шифриннің айтуынша, АҚШ Әуе күштерінің алты ұшағы төрт нысанаға шабуыл жасаған. Оның мәліметіне сәйкес, Сирик қаласындағы радиолокациялық станциялар, сондай-ақ зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары сақталған қоймалар соққыға ұшыраған.
Кейін Иран әскері Таяу Шығыстағы АҚШ Қарулы күштерінің бірнеше әскери нысанына соққы жасады. Бұл туралы Reuters агенттігі ирандық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.
"Иран мемлекеттік БАҚ Ислам революциясы сақшылар корпусының аймақта орналасқан америкалық әскери күштердің бірнеше нысанына соққы жасалғаны туралы мәлімдемесін жариялады", – деп жазады агенттік.
Бұған дейін Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ-тың соңғы әуе соққысына жақын арада қатаң әрі батыл жауап беретінін мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
0