https://sputnik.kz/20261001/otken-zhyly-qazaqstanga-baa-den-164-mlrd-dollar-tikeley-investitsiya-tartyldy-67231910.html
Өткен жылы Қазақстанға БАӘ-ден 1,64 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды
Өткен жылы Қазақстанға БАӘ-ден 1,64 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды
Sputnik Қазақстан
Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның ірі шетелдік инвесторларының ондығына кіреді 01.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-01T20:19+0500
2026-10-01T20:19+0500
2026-10-01T20:19+0500
баә
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07ea/08/14/65871858_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_49770bb57e9a97d183617872433b6a34.jpg
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Әл-Мазруи мен Абу Даби әмірлігі денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International компаниясының бас директоры Мансур әл-Мансуримен кездесті, деп хабарлады Ақорда.Президент Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның ірі шетелдік инвесторларының ондығына кіретінін айтты. 2025 жылы елімізге Әмірліктерден 1,64 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш 3,5 есе ұлғайған.Кездесуде көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән берілді. Бұдан бөлек, AD Ports Group компаниясымен бірлескен жобаларды іске асыру, Каспий теңізінде портты инфрақұрылым мен флотты дамыту, сондай-ақ Орта дәлізді нығайту мәселелері талқыланды.Мемлекет басшысы Presight AI компаниясымен суперкомпьютер инфрақұрылымы жобаларын іске асыру, Smart City және көлік қозғалысы бейнемониторингінің ұлттық жүйесін құру бойынша ықпалдастықты жоғары бағалады.Қасым-Жомарт Тоқаев пен БАӘ делегациясы G42 компаниясының Екібастұзда "Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы" ауқымды экожүйесін құруға қатысу мүмкіндігін қарастырды.
https://sputnik.kz/20261001/toqaev-nvidia-vitse-prezidentimen-ekibastuzdagy-derekter-ortalygy-zhobasyn-talqylady-67231538.html
баә
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/14/65871858_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_52f910fbf49d4b2f9460c871889bb6b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баә, қасым-жомарт тоқаев
Өткен жылы Қазақстанға БАӘ-ден 1,64 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды
Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның ірі шетелдік инвесторларының ондығына кіреді
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Әл-Мазруи мен Абу Даби әмірлігі денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International компаниясының бас директоры Мансур әл-Мансуримен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Президент Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның ірі шетелдік инвесторларының ондығына кіретінін айтты. 2025 жылы елімізге Әмірліктерден 1,64 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш 3,5 есе ұлғайған.
Кездесуде көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән берілді. Бұдан бөлек, AD Ports Group компаниясымен бірлескен жобаларды іске асыру, Каспий теңізінде портты инфрақұрылым мен флотты дамыту, сондай-ақ Орта дәлізді нығайту мәселелері талқыланды.
"Сонымен қатар ТрансАуған дәлізінің перспективасы мен теңіз, теміржол, автокөлік және әуе тасымалы бағыттарындағы ұзақмерзімді серіктестікті қалыптастыру жайы қарастырылды. Жасанды интеллект пен цифрландыру салаларындағы серіктестік те әңгіме арқауына айналды", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы Presight AI компаниясымен суперкомпьютер инфрақұрылымы жобаларын іске асыру, Smart City және көлік қозғалысы бейнемониторингінің ұлттық жүйесін құру бойынша ықпалдастықты жоғары бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен БАӘ делегациясы G42 компаниясының Екібастұзда "Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы" ауқымды экожүйесін құруға қатысу мүмкіндігін қарастырды.