Тоқаев NVIDIA вице-президентімен Екібастұздағы деректер орталығы жобасын талқылады

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіҚасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2026
Жазылу
Президент жобаны іске асыруда NVIDIA және Firebird компанияларымен жасалған келісімдердің маңызын атап өтті
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде Екібастұзда "Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы" жобасын жүзеге асыруға баса мән берілді.
"Жоба қуаттылығы шамамен 30 МВт болатын есептеу инфрақұрылымын қалыптастыруды көздейді. Кейін оның көлемін 1 ГВт-қа дейін арттыру жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Президент осы бастаманы табысты жүзеге асыру үшін NVIDIA және Firebird компанияларымен жасалған келісімдердің маңызына тоқталды.
Рев Лебаредян Қазақстандағы жасанды интеллект инфрақұрылымының даму барысын жоғары бағалап, NVIDIA компаниясының "Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы" жобасының келесі кезеңіне қатысуға ниетті екенін жеткізді.
Бұдан бөлек, Қазақстанның кадрлық әлеуетін және технологиялық экожүйесін дамыту мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және есептеу инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің жаһандық экожүйесін қалыптастыруда NVIDIA компаниясының рөлі айрықша екенін айтты. Сонымен қатар жасанды интеллектіні Қазақстан экономикасының басым салаларында қолдану аясын кеңейтудің маңызын атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстанда NVIDIA технологиясының базасында екі суперкомпьютер кластері іске қосылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект, цифрлық технология және роботты техника салаларындағы перспективті жобалар көрмесіне барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2026
Тоқаевқа жасанды интеллект саласындағы жаңа жобалар таныстырылды
Жаңалықтар
0