Лукашенко: Қазақстан Беларусь үшін серіктес әрі дос ел

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин принял участие в очередной сессии Совета коллективной безопасности ОДКБ
Президент РФ В. Путин принял участие в очередной сессии Совета коллективной безопасности ОДКБ - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2026
Жазылу
Лукашенко Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара ынтымақтастыққа тоқталды
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Минскіде Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновпен кездесті, деп хабарлайды Беларусь президентінің баспасөз қызметі.
Қазақстан үкіметінің басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Беларуське ресми сапармен барды.
Кездесу барысында Лукашенко Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара ынтымақтастыққа тоқталды.
© Пул ПервогоБеларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновпен кездесті.
 Президент Беларуси Александр Лукашенко встретился с премьер-министром Казахстана Олжасом Бектеновым - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2026
Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновпен кездесті.
"Тағы да атап өткім келеді, бұл туралы бұған дейін де ашық айтқанмын: Қазақстан біз үшін серіктес әрі дос ел. Егер Беларусьтің машина жасау, ауыл шаруашылығы, жоғары технологиялар сияқты салалары Қазақстанға қызық болса, біз бұл бағыттардың бәрінде бірге жұмыс істеуге дайынбыз. Оның үстіне, елдеріміз арасындағы қарым-қатынас ежелден өте жақсы. Қазіргі президент тұсында бұл қатынастар нашарлаған жоқ, керісінше жақсара түсті", - деді Беларусь басшысы.
Президент екі ел арасындағы қарым-қатынастың бұрыннан жақсы екенін тағы да атап өтті.
"Қасым-Жомарт Кемелұлы біздің қарым-қатынасымызды дамытуға үлкен көңіл бөледі. Мен бұған өте ризамын. Біз экономикаларымызды өзара байланыстыру және қарым-қатынастарымызды жақсарту мәселесін жиі талқылаймыз", - деді Лукашенко.
Во Дворце Независимости Главу государства встретил Президент Беларуси Александр Лукашенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2025
Тоқаев пен Лукашенко қазақ-беларусь қарым-қатынасының даму перспективасын талқылады
Жаңалықтар
0