https://sputnik.kz/20261001/basyna-beton-qulady-ontustik-koreyada-qurylys-alanynda-qazaqstandyq-koz-zhumdy-67216462.html
"Басына бетон құлады" Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында қазақстандық көз жұмды
"Басына бетон құлады" Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында қазақстандық көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Қайғылы оқиға Сочо ауданында таңғы сағат 9:45-тің маңайында бо 01.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-01T11:48+0500
2026-10-01T11:48+0500
2026-10-01T11:49+0500
оңтүстік корея
жұмыс
көз жұмды
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0d/44223086_0:108:1085:718_1920x0_80_0_0_eab83289a30ac292878bbbf01a411283.jpg
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Оңтүстік Кореяның астанасында құрылыста жұмыс істеген қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Осы елдің бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға Сочо ауданында таңғы сағат 9:45-тің маңайында болған. 30 жастағы ер адам құрылыс нысанының 23-ші қабатында тазалау жұмыстарын күтіп тұрған. Сол кезде оның үстіне бетон төбенің бір бөлігі құлаған. Қазақстан азаматы оқиға орнында көз жұмды.Кореяның еңбек министрлігі құрылыс жұмыстарын тоқтатты. Тергеу шаралары басталды. Оқиғаның себебі анықталады.Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де Сеулдегі құрылыс алаңында болған жазатайым оқиғаны растады."Бұл оқиғаға байланысты Корея Республикасының тиісті органдары тергеу жұмыстарын бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуіп жатыр", - дейді министрліктің ресми өкілі Жанболат Үсенов.
https://sputnik.kz/20260928/qazaqstandyq-sportshy-shetelde-zhasospirimdi-zorlady-degen-kudikke-ilindi-67108431.html
оңтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0d/44223086_0:0:961:720_1920x0_80_0_0_ec9221b9078bb4903345e54ff15eb69f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оңтүстік корея, жұмыс, көз жұмды
оңтүстік корея, жұмыс, көз жұмды
"Басына бетон құлады" Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында қазақстандық көз жұмды
11:48 01.10.2026 (жаңартылды: 11:49 01.10.2026) Қайғылы оқиға Сочо ауданында таңғы сағат 9:45-тің маңайында бо
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Оңтүстік Кореяның астанасында құрылыста жұмыс істеген қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Осы елдің бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға Сочо ауданында таңғы сағат 9:45-тің маңайында болған. 30 жастағы ер адам құрылыс нысанының 23-ші қабатында тазалау жұмыстарын күтіп тұрған. Сол кезде оның үстіне бетон төбенің бір бөлігі құлаған. Қазақстан азаматы оқиға орнында көз жұмды.
Кореяның еңбек министрлігі құрылыс жұмыстарын тоқтатты. Тергеу шаралары басталды. Оқиғаның себебі анықталады.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де Сеулдегі құрылыс алаңында болған жазатайым оқиғаны растады.
"Бұл оқиғаға байланысты Корея Республикасының тиісті органдары тергеу жұмыстарын бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуіп жатыр", - дейді министрліктің ресми өкілі Жанболат Үсенов.