Қазақстандық спортшы шетелде жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінді

© Pixabay / Klaus HausmannРабство
Рабство - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2026
Жазылу
Мақсат Аязбаев соңғы жылдары Үндістан тарапымен келісімшарт бойынша Қазақстаннан тыс жерлерде кәсіби жұмыс істеді және Үндістанның велоспорттан ұлттық құрамасын дайындаумен айналысты
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Үндістанда қазақстандық жаттықтырушы жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
34 жастағы жаттықтырушы Үндістанның Пенджаб штатында 18 қыркүйекте ұлттық спорт шеберлігі орталығында жаттығу жиындары кезінде кәмелетке толмаған спортшыны зорлады деп күдікке ілінді.
Полицияның мәліметінше, оқиға 13 қыркүйекте болған. Әлеуметтік желіде қылмыстық іс тіркелгенде жаттықтырушы Делидегі жиындарда болғаны айтылуда. Полиция оны ұстамақ болғанымен, таппаған. Оған қатысты елден шығудың алдын алу үшін шаралар қабылданды. Үнділік БАҚ оның төлқұжаты тәркіленгенін жазды.
Қазақстан велоспорт федерациясы оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

"Мақсат Аязбаев соңғы жылдары Үндістан тарапымен келісімшарт бойынша Қазақстаннан тыс жерлерде кәсіби жұмыс істеді және Үндістанның велоспорттан ұлттық құрамасын дайындаумен айналысты. Қазіргі уақытта оның кәсіби қызметі Үндістан құрамасымен байланысты. Үнді бұқаралық ақпарат құралдары оның Үндістан құрамасындағы жұмысы және спортшылардың халықаралық жарыстарға дайындығы туралы хабарлады", - дейді велоспорт федерациясы.

Федерацияның мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық құрамасына Мақсат Аязбаевтың қатысы жоқ.
Оқиғаға қатысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі де ресми ақпарат таратты.
"Министрлік Үндістандағы Қазақстан Республикасының азаматына қатысты жағдайдан хабардар. Қазақстандық дипломаттар аталған азаматтың туыстарымен байланыста. Оған консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде. Министрлік бұл мәселені бақылауында ұстап отыр", - дейді министрлікте.
Жаңалықтар
0