https://sputnik.kz/20260930/ukimet-2026-zhylgy-bidaydyn-satyp-alu-bagasyn-belgiledi-67196473.html
Үкімет 2026 жылғы бидайдың сатып алу бағасын белгіледі
Үкімет 2026 жылғы бидайдың сатып алу бағасын белгіледі
Sputnik Қазақстан
2026 жылы 3-класты бидайдың бағасы 115 мың теңгеге дейін болады 30.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-30T19:13+0500
2026-09-30T19:13+0500
2026-09-30T19:13+0500
астық
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e8/09/14/47228795_0:456:2048:1608_1920x0_80_0_0_68649cd6ddea74b7debdcf6bab43ec4d.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Үкімет 2026 жылғы астықтың сатып алу бағасын анықтады. 3-класты бидайдың сапалық көрсеткішіне байланысты ол тоннасына 92-ден 115 мың теңгеге дейін болып белгіленді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Арқалықта Қостанай облысы оңтүстік өңірлерінің шаруаларымен кездесуде айтты, деп хабарлады үкімет.Азық-түлік корпорациясының сатып алу бағасы нарық үшін эталон ретінде қызмет етеді. Шаруаларды қаржылық қолдау астықты форвардтық және тікелей сатып алу тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өндірістік шығындарды жабуға және келесі маусымға дайындалуға мүмкіндік береді.Серік Жұманғарин сондай-ақ астық экспорттаушыларға мемлекеттік шығындарды өтеу бағдарламасы 2026-2027 маркетингтік жылға ұзартылатынын хабарлады.Дәстүрлі нарықтардан басқа қазақстандық бидайды алғаш рет Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия, Ұлыбритания, сондай-ақ Марокко, Алжир және Мысыр сынды Солтүстік Африка елдері сатып алды.
https://sputnik.kz/20260929/biyl-astyq-zhinau-boyynsha-rekord-bola-ma---ministrlik-esebi-67138238.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/14/47228795_0:264:2048:1800_1920x0_80_0_0_9de3d17816dfa13bfa80925485dfce3a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық, үкімет
Үкімет 2026 жылғы бидайдың сатып алу бағасын белгіледі
2026 жылы 3-класты бидайдың бағасы 115 мың теңгеге дейін болады
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Үкімет 2026 жылғы астықтың сатып алу бағасын анықтады. 3-класты бидайдың сапалық көрсеткішіне байланысты ол тоннасына 92-ден 115 мың теңгеге дейін болып белгіленді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Арқалықта Қостанай облысы оңтүстік өңірлерінің шаруаларымен кездесуде айтты, деп хабарлады үкімет.
"Нарық конъюнктурасын, сондай-ақ нарыққа қатысушылардың ұсынысын ескере келіп, үкімет 2026 жылғы астықтың сатып алу бағасын айқындады. Атап айтқанда, 3-сыныпты бидай бағасын сапалық көрсеткішіне байланысты 92-ден 115 мың теңгеге дейін белгілеу жоспарлануда. Осылайша, баға өткен жылғы деңгейде қалады", - деді Серік Жұманғарин.
Азық-түлік корпорациясының сатып алу бағасы нарық үшін эталон ретінде қызмет етеді. Шаруаларды қаржылық қолдау астықты форвардтық және тікелей сатып алу тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өндірістік шығындарды жабуға және келесі маусымға дайындалуға мүмкіндік береді.
Серік Жұманғарин сондай-ақ астық экспорттаушыларға мемлекеттік шығындарды өтеу бағдарламасы 2026-2027 маркетингтік жылға ұзартылатынын хабарлады.
"Өткен жылдары астық жөнелтушілердің көлік шығындарын субсидиялау қазақстандық астықты жеткізу географиясын кеңейтуге мүмкіндік берді", - деп жазылған хабарламада.
Дәстүрлі нарықтардан басқа қазақстандық бидайды алғаш рет Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия, Ұлыбритания, сондай-ақ Марокко, Алжир және Мысыр сынды Солтүстік Африка елдері сатып алды.