Тоқаевқа "Бавария" ойыншыларының қолы қойылған жейде сыйға тартылды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Казахстана провел встречу с Премьер-министром Баварии Маркусом Зёдером
Президент Казахстана провел встречу с Премьер-министром Баварии Маркусом Зёдером - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы Бавария премьер-министрімен қонақжай қазақ жерінде жүздесуді асыға күтетінін айтты
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Бавария премьер-министрі Маркус Зёдер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа мюнхендік "Бавария" ойыншыларының қолы қойылған жейдені сыйға тартты, деп хабарлады Ақорда.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚазақстан президенті Бавария премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесу өткізді
Президент Казахстана провел встречу с Премьер-министром Баварии Маркусом Зёдером - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2026
Қазақстан президенті Бавария премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Баварияға шақырып, қонақжайлықпен қарсы алғаны үшін Маркус Зёдерге алғыс айтты.
"Баварияның өзіне тән ерекшелігін, экономикалық қуатын, инновациялық әлеуетін жоғары бағалаймын Бұл – өнеркәсіп пен ғылымдағы өзінің озық жетістіктерін дәстүрге деген айрықша құрметімен ұштастырған өңір. Осы арқылы Бавария Германия экономикасын алға сүйреп, экономикамызды жаңғырту мен әртараптандыруда Қазақстанның сенімді серіктесі болып отыр", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Баварияның технологиялық табыстары мен Қазақстанның ресурстық және өнеркәсіптік әлеуетін біріктіруге айтарлықтай мүмкіндік бар.
Премьер-министр Маркус Зёдер жаңа өсім бағыттарын іздеуге айрықша мән беретін Бавария Қазақстанмен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚазақстан президенті Бавария премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесу өткізді
Президент Казахстана провел встречу с Премьер-министром Баварии Маркусом Зёдером - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2026
Қазақстан президенті Бавария премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесу өткізді
Сондай-ақ ол Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатқан бавариялық компанияларға көрсеткен қолдауы үшін Қазақстан президентіне ризашылығын білдірді.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Бавария премьер-министрімен қонақжай қазақ жерінде жүздесуді асыға күтетінін айтты.
Токаев встретился с руководством немецких компаний - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2026
Тоқаев Linde-ні Атырау мен Маңғыстаудағы мұнай химиясы жобаларына қатысуға шақырды
Жаңалықтар
0