Тоқаев Linde-ні Атырау мен Маңғыстаудағы мұнай химиясы жобаларына қатысуға шақырды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев встретился с руководством немецких компаний
Токаев встретился с руководством немецких компаний - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2026
Жазылу
Linde компаниясы Қазақстанда 500 млн доллардың инвестициялық жобаларын іске асырмақ
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Linde GmbH компаниясының аға вице-президенті Оливер Пфаннды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Linde компаниясының отандық өнеркәсіпті дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Компанияның технологиясы металлургия, тау-кен, химия, энергетика, денсаулық сақтау, электроника салаларында және жоғары технологиялық өндірістерде кеңінен қолданылады.
"Президент компанияның Қазақстанда инвестициялық құны 500 миллион долларға дейін бағаланатын бірқатар жобаны іске асыру жоспарын, соның ішінде Linde мен Qarmet арасындағы Теміртау қаласында жаңа ауа бөлу қондырғысының құрылысы бойынша келісімге қол қойылуын құптады", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу барысында мұнай химиясы өнеркәсібіндегі бірлескен жобалардың перспективасы қарастырылды. Мемлекет басшысы көміртегін тұтуға және сақтауға арналған Linde технологияларына айрықша тоқталып, компанияның сутегі инфрақұрылымын дамытуға ұмтылысы еліміздің "жасыл" экономика стандарттарына көшу міндетімен үндесетініне назар аударды.
Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау және Маңғыстау облыстарында мұнай химиясы мен химия кластерін дамыту қолға алынғанын атап өтті. Linde компаниясын келешегі зор осы жобаларға атсалысуға шақырды.
Оливер Пфанн компания жобаларына қолдау білдіргені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ серіктестік аясын одан әрі кеңейтуге және елімізде жаңа өндіріс ошақтарын ашуға дайын екенін жеткізді.
Тоқаев Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті Бернд Ульбрихтты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2026
Тоқаев Siemens өкілімен экономиканы цифрлық трансформациялау мәселесін талқылады
Жаңалықтар
0