Тоқаев Rhenus Group басшысымен Транскаспий бағытын дамыту мәселесін талқылады

© Photo : Пресс-служба АО "Казатомпром"Казатомпром объявляет об осуществлении поставки через Транскаспийский Маршрут
Казатомпром объявляет об осуществлении поставки через Транскаспийский Маршрут - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
Президент Rhenus Group-ты Ақтау портындағы мультимодальды хаб құрылысына қатысуға шақырды
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Rhenus Group басқарма төрағасы Тобиас Бартц көлік-логистика салаларындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын, сондай-ақ бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жайын талқылады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы компанияның Қазақстандағы көлік байланысын нығайтуға ұзақ жылдан бері үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар еліміз құрлықтың негізгі логистикалық хабына айналуды мақсат етіп отырғанын айтты.
Кездесуде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға баса назар аударылды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи үлгідегі порттары, терминалдары, теміржолдары мен цифрлық сервистері бар бәсекеге қабілетті логистикалық бағытты бірлесе қалыптастыруға шақырды. Сондай-ақ Rhenus Group компаниялар тобының Ақтау портындағы мультимодальды хаб құрылысына қатысуын құптады", - деп жазылған хабарламада.
Тобиас Бартц Қазақстанның негізгі көлік-логистика торабы ретінде әлеуеті зор екеніне тоқталып, компанияның бірлескен жобаларға атсалысуға ниетті екенін жеткізді.
Тараптар өзара тиімді ынтымақтастық бағыттарын кеңейтуге әзірлігін растады.
Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Тоқаев Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды
Жаңалықтар
0