Тоқаев Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті
Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
Қазақстан экономикасына неміс қаржы секторын кеңінен тартатын ынтымақтастықтың маңызды бағыты – Alatau City қаласы
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесуінде Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды, деп хабарлады Ақорда.
"Мұндай платформа Еуропаның және Германияның капиталын Қазақстан тарапының қоса қаржыландыру, кепілдік беру және бірге тәуекел ету тетіктерімен ұштастырар еді. Ал "Бәйтерек" холдингі мақсатты жобаларды құрылымдау жағын қамтамасыз етеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол Қазақстанда жұмыс істеп жатқан халықаралық қаржы ұйымдарының қатарында экспортты кредиттеумен және инвестицияны сақтандырумен шұғылданатын германиялық институттардың да болғанын құптайтынын атап өтті.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті
Президент встретился с руководителями германских экономических ассоциаций и финансовых институтов - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті
Бұдан бөлек, энергетика және өнеркәсіп секторын жаңғырту, соның ішінде жаңартылатын қуат көздері мен "жасыл" сутегі жобаларын дамыту аса өзекті. Еуропа инвестициялық банкі мен Қазақстан даму банкі Германия капиталының қатысуымен аталған салалардың бәрінде өзара тиімді ынтымақтастық құра алады.
Қазақстан мен Германияның цифрлық инновация және жасанды интеллект саласындағы серіктестігін жолға қою тағы бір басымдық ретінде аталды.
"Біз германиялық компанияларды өз әлеуетін деректер өңдеу орталығына, энергия тиімділігіне қатысты технологияларға, "бұлтты" инфрақұрылым" және киберқауіпсіздік салаларына жұмылдыруға шақырамыз. Тағы бір перспективті бағыт – қаржы технологиялары. Қазақстанда цифрлық қаржы экожүйесі жоғары деңгейде дамыған. Оның аясында әуелі ішкі нарыққа озық төлем жүйелері мен токенизация технологиясын ұсынып, кейін оны тұтас аймаққа таратуға болады", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан экономикасына неміс қаржы секторын кеңінен тартатын ынтымақтастықтың маңызды бағыты – Alatau City қаласы.
"Орталық Азиядағы алғашқы "ақылды қала" әуел бастан цифрлық дәуірдің барлық талаптарын сақтай отырып жобаланды. Ол неміс капиталы мен Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін тоғыстыратын көпір бола алады. Alatau City бүкіл Еуразиядағы таланттарды, технология мен бизнесті тартатын жаңа орталыққа айналатынына сенімдімін", – деді президент.
Президент Қазақстан тарапы алдағы уақытта да инвесторларға қолайлы әрі ережелері түсінікті ортаны қамтамасыз етіп, олардың құқықтарын қорғайтынын және стратегиялық маңызды жобаларға қолдау көрсете беретінін растады.
Кремний - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Қазақстан Еуропа үшін стратегиялық маңызы бар 21 шикізат түрін өндіреді - Тоқаев
Жаңалықтар
0