Қазақстан Еуропа үшін стратегиялық маңызы бар 21 шикізат түрін өндіреді - Тоқаев

Кремний - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
Соның ішінде литий, кремний, кобальт және вольфрам өндіріледі
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Еуроодаққа импортталатын мұнайдың шамамен 13%-ын және уран жеткізілімінің 20%-ын қамтамасыз етеді. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапары аясындағы Handelsblatt басылымындағы мақаласында жарияланды.
"Біз қолданыстағы көлік мүмкіндіктері аясында осы рөлді (энергия ресурстарын тұрақты жеткізуші ретінде) атқаруды жалғастыра береміз", - деп толықтырды президент.
Тоқаев сонымен қатар Қазақстан Еуропа үшін стратегиялық маңызы бар 34 шикізат түрінің 21-ін, соның ішінде литий, кремний, кобальт және вольфрамды өндіретінін айтты.
"Біз Германияға шикізатты сенімді түрде жеткізудіғана емес, сондай-ақ геологиялық барлау мен өндіруден бастап өңдеу, құрамдас бөліктерді шығару және қайта өңдеуге дейінгі кезеңдерді қамтитын бірлескен өндірістік тізбектерді қалыптастыруды ұсынамыз", - деді президент.
Сондай-ақ Тоқаев Қытайдан Еуропаға бағытталған құрлықтағы жүк транзитінің шамамен 85%-ы Қазақстан арқылы өтетінін (бұл 2025 жылы шамамен 40 млн тоннаны құрайды) мәлімдеді.
Президент 2026 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы тасымалдау көлемі 22%-ға, ал Азиядан Еуропаға бағытталған транзит 55%-ға артқанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Федеральдық президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2026
Тоқаев Германияға ресми сапармен барды
Жаңалықтар
0