Қазалыда балабақша есепшісі 21,5 млн теңгені өзіне аударып алған

© Photo : Esi GrünhagenРебенок играет
Ребенок играет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
Заңсыз аударымдар төрт жыл бойы жасалып келген
АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Қызылорда облысының Қазалы ауданында балабақша есепшісі 21,5 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Балабақша есепшісі төрт жыл ішінде штаттық кестеде бекітілген жалақыдан жоғары мөлшерде қосымша қаражатты негізсіз түрде өзінің банктік шоттарына аударып отырған.
"Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген "Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп жазды прокуратура.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0