https://sputnik.kz/20260831/batys-qazaqstanda-balabaqsha-esepshisi-30-mln-tengeni-zhymqyrdy-degen-kudikke-ilindi-66236938.html
Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
Sputnik Қазақстан
Бухгалтер қомақты соманы өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы иемденген 31.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-31T12:39+0500
2026-08-31T12:39+0500
2026-08-31T12:42+0500
бас прокуратура
батыс қазақстан облысы
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/18/59881438_0:114:1078:720_1920x0_80_0_0_65ea05a968103ae1dacbcd2e2d32a00d.jpg
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында балабақша есепшісі 30 млн теңгені жымқыру бойынша күдікке ілінді, деп хабарлады Бас прокуратура.Сырым ауданында балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 30 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденді деп күдіке ілінді.Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.Осы норманың санкциясы кінәлі тұлғаның мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
https://sputnik.kz/20260811/qaragandy-oblysynda-qos-bukhgalter-mektep-byudzhetinen-316-mln-tengeden-astam-qarzhy-zhymqyrgan-65618786.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/18/59881438_85:0:1045:720_1920x0_80_0_0_6cfd1955ae1668d66faf6b23408b71b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, батыс қазақстан облысы, тергеу
бас прокуратура, батыс қазақстан облысы, тергеу
Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
12:39 31.08.2026 (жаңартылды: 12:42 31.08.2026) Бухгалтер қомақты соманы өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы иемденген
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында балабақша есепшісі 30 млн теңгені жымқыру бойынша күдікке ілінді, деп хабарлады Бас прокуратура.
Сырым ауданында балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 30 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденді деп күдіке ілінді.
"Аудан прокуратурасының жүргізген тексерісі нәтижесінде балабақша есепшісі өзіне штаттық кесте бойынша бекітілген еңбекақыдан жоғары мөлшерде қосымша қаражатты өзінің банктік есеп-шотына 5 жыл бойы негізсіз аударып келгені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Осы норманың санкциясы кінәлі тұлғаның мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.