Қарағанды облысында қос бухгалтер мектеп бюджетінен 316 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

© Photo : Пресс-служба министерства труда и социальной защиты Казахстана Қарағанды облысында қос бухгалтер мектеп бюджетінен 316 млн теңгеден астам қаржы жымқырған
Қарағанды облысында қос бухгалтер мектеп бюджетінен 316 млн теңгеден астам қаржы жымқырған - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
Жазылу
Олар мектеп директорларының электрондық цифрлық қолтаңбаларын заңсыз пайдаланып, мектеп қаражатын жылдар бойы жымқырған
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. ️Қарағанды облыстық соты өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру фактісі бойынша мектеп бухгалтерлеріне қатысты қылмыстық істі қарады.

"Айыпталушының бірі 2010 жылғы қаңтардан бастап 2024 жылғы маусымға дейінгі кезеңде №33 орта мектептің бас бухгалтері болып жұмыс істей отырып, ал екіншісі осы мектепте бухгалтер қызметін атқара отырып, мектеп директорларының электрондық цифрлық қолтаңбаларын заңсыз пайдаланып бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқырғаны анықталды", - дейді облыстық сот.

Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, олар өздерінің карт-шоттарына үстемеақы, жәрдемақы және басқа да төлемдер ретінде негізсіз ақша аударған. Сол арқылы бас бухгалтер 2010 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейінгі кезеңде 10 658 920 теңге, 2012 жылғы наурыздан 2024 жылғы маусымға дейінгі кезеңде 192 576 422 теңге, ал екінші бухгалтер 113 087 767 теңге жымқырған.

Бірінші сатыдағы соттың үкімімен бас бухгалтер 6 жылға, екіншісі 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.Сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бухгалтер лауазымдарын атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айырылды.
"Сотталғандардан келтірілген залал сомалары өндіріліп, оларды ерікті түрде өтеу үшін алты ай мерзім белгіленді. Сотталушы бас бухгалтердің жылжымайтын мүлкіне салынған тыйым сақталды", - делінген хабарламада.
️Сот алқасы апелляциялық тәртіппен келіп түскен қылмыстық істі қайта қарап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырған.
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Абай облысында мектеп бухгалтері жұмыс істемейтін күйеуіне жалақы аударып келген
Жаңалықтар
0