Абай облысында мектеп бухгалтері жұмыс істемейтін күйеуіне жалақы аударып келген

Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Жазылу
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 18 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Абай облысында білім беру мекемесінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады бас прокуратура.
Бюджет қаражатын жымқыру фактісі Мақаншы ауданының Қарабұтақ орта мектебінде анықталды.
"Мекеменің бас есепшісі ай сайын өзіне екі еселенген жалақы есептеп отырған, сондай-ақ іс жүзінде еңбек қызметін атқармаған жұбайына заңсыз түрде жалақы аударған", - деп жазылған хабарламада.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 18 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған.
Аудан прокуратурасы "сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қазіргі уақытта келтірілген залал ішінара өтелді.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Басшысының қаражатын жымқырған бухгалтер Грекиядан экстрадицияланды
Жаңалықтар
0