Қарызын қайтара алмаған: Павлодарда кәсіпкерді гаражда өлтірген ер адам сотталды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуМолоток судьи суд приговор
Молоток судьи суд приговор - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
Сотталушы аңшылық пышағын алып, жәбірленушіге 22 рет пышақ сұққан
АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда 52 жастағы кәсіпкер Асұлан Нұрмағамбетовті аса қатыгездікпен өлтірген ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Асұлан Нұрмағамбетов былтыр 21 ақпанда із-түзсіз жоғалып кеткен. Кейін оның мәйіті табылды.
Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының материалына сәйкес, сол күні сағат 18:55 шамасында жәбірленуші өз көлігімен сотталушымен кездескен. Әңгіме барысында ер адам 84 миллион теңге қарызын қайтара алмайтынын айтып, күте тұруын сұраған.
"Кейін екеуі гаражға барған. Сол жерде қарызды қайтару мәселесіне байланысты жанжал шыққан. Сотталушы жәбірленушіні өлтіру туралы шешім қабылдап, аңшылық пышағын алып, оған 22 рет пышақ сұққан. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған", - деп жазылған хабарламада.
Сотталушы серіктесінің көлігін гаражда қалдырып, Ресейге қашып кеткен.
Іс 29 қыркүйекте Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Оған адамды аса қатыгездікпен қасақана өлтірді деген айып тағылған.
Сотталушы кінәсін ішінара мойындап, жасаған әрекетіне өкінген.
"Оның асырауында кәмелетке толмаған екі баласының болуы, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы ескеріліп, сот сотталушыға 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді", – деп хабарлады сот.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2026
Шымкент тұрғыны кәсіпкерді алдап, 25 млн теңге алған
Жаңалықтар
0