Маңғыстаудағы трагедия: жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салынды

© Минобороны КазахстанаНа Каспии продолжается поисковая операция
На Каспии продолжается поисковая операция - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға қатысты жалған ақпарат таратқан 4 адамға айыппұл салынды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

"Д.С. және Г.С. есімді азаматтардың әлеуметтік желідегі парақшаларына әскери қызметші А.А. туралы ақпарат жариялағаны белгілі болды. Жарияланымдарда оның суға батып бара жатқан жолдасын құтқарып, өз бетімен жағаға шыққаны, сондай-ақ оның ерлігі мен құтқарылу жағдайлары қасақана жасырылып отырғаны туралы мәліметтер таратылған", - деп жазылған хабарламада.

Тексеру барысында Д.С. аталған ақпаратты алыстағы туыстарынан алғаны анықталған. Ал Г.С. бұл мәліметтерді әлеуметтік желілерден алып, олардың шынайылығын тексерместен өз парақшасында жариялапты.
"Аталған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді және Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі тарапынан ресми түрде жоққа шығарылды", - дейді полицейлер.
Атап айтқанда, қорғаныс министрлігі әскери қызметші А.А.-ға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, А.А. оқу-жаттығу барысында жағалауда болып, оқу-жаттығу жоспарына сәйкес көзделген міндеттерді орындаған. Онымен бірге жағалауда мерзімді әскери қызметтегі матрос М.Ә. болған. Қазіргі уақытта екі әскери қызметші де әскери бөлімнің орналасқан жерінде қызметін жалғастырып жатыр.
Сонымен қатар оқиғаға қатысты шынайы ақпаратқа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқан Шымкент қаласының тұрғыны С.К. және Көкшетау қаласының тұрғыны К.О. анықталды.
Атап айтқанда, С.К. әлеуметтік желідегі парақшасында тағы бір әскери қызметшінің қаза болғаны туралы жалған мәлімет жариялап, оның туыстарына қысым көрсетіп, олардан ақша талап етіп отырғанын мәлімдеген.
Өз кезегінде К.О. Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметшінің қаза болғаны туралы шынайы ақпаратқа сәйкес келмейтін мәлімет жариялаған.
"Әкімшілік материалдарды қарау нәтижесінде сот шешімімен аталған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция әлеуметтік желі пайдаланушыларын ақпаратты жариялауға жауапкершілікпен қарауға, таратылатын мәліметтердің шынайылығын тексеруге және расталмаған ақпаратты жарияламауға шақырды.
24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде метеорологиялық жағдайдың күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан 14 әскери қызметкер көз жұмды, үшеуі құтқарылды.
Батыс Қазақстан облысында Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер жерленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2026
Батыс Қазақстанда Каспий теңізінде қаза тапқан әскерилер жер қойнына тапсырылды
Жаңалықтар
0