Батыс Қазақстанда Каспий теңізінде қаза тапқан әскерилер жер қойнына тапсырылды

© Акимат Западно-Казахстанской областиБатыс Қазақстан облысында Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер жерленді
Батыс Қазақстан облысында Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер жерленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2026
Жазылу
Жинақталған қаражат қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге атаулы әрі ашық түрде беріледі
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан Батыс Қазақстан облысының әскери қызметшілерін жерлеу рәсімдері өтті, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Қаралы жиындарға қаза тапқан жауынгерлердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Отан қорғаушылардың рухына Құран бағышталып, еске алу рәсімдері өткізілді.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекеттік әлеуметтік төлемдер, материалдық қолдау және жаназа мен жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға қажетті жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
© Акимат Западно-Казахстанской областиБатыс Қазақстан облысында Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер жерленді
В Западно-Казахстанской области похоронили военнослужащих, погибших во время учений на Каспии - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2026
Батыс Қазақстан облысында Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер жерленді
Әкімдік қаржылай көмекті жинақтау үшін арнайы қор құрылғанын атап өтті.
"Жинақталған қаражаттың барлығы қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге атаулы әрі ашық түрде беріледі. Бұл жұмыс мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатаң бақылауында болады", - дейді мамандар.
Еске салсақ, Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райының күрт нашарлауы салдарынан 17 әскери қызметші теңізге кетіп, оның 14-і қаза тапты, үшеуі құтқарылды.
Маңғыстау облысында қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2026
Маңғыстау облысында қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
Жаңалықтар
0