Видео

Елде сиыр еті қымбаттамайды - вице-министр

© Photo : Unsplash / Egor MyznikСиыр еті
Сиыр еті - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
Қазіргі кезде республика бойынша сиыр етінің орташа бағасы бір келісі үшін 3 800 теңгені құрайды
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова алдағы уақытта сиыр етінің бағасын көтеруге ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми статстикаға сәйкес, қазіргі кезде республика бойынша сиыр етінің орташа бағасы бір келісі үшін 3 800 теңгені құрайды.
"Астанада 3 800-4000 теңге және одан жоғары. Атап айтқанда, "Шапағат" базарында - 3 900 теңге, Артемда 4 400-4 500 теңгеден сатады", - деді Хатепова үкіметтегі брифингте.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде сиыр етінің бағасын көтеруге себеп болатын факторлар жоқ. Еттің көлемі жеткілікті, мал басы да өсіп келеді.
"Сондықтан сиыр етінің бағасын күрт көтеруге ешқандай негіз жоқ", - деді Хатепова.
Ет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Қазақстандықтар ет пен сүт өнімдерін көбірек тұтына бастады
Жаңалықтар
0