Қазақстандықтар ет пен сүт өнімдерін көбірек тұтына бастады

Ет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Жазылу
Ет және ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан, Жетісу, Ақмола және Қарағанды облыстарында тіркелді
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Қазақстандықтар ет, сүт өнімдері және жұмыртқаны көбірек тұтына бастады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Орта есеппен бір тұрғынға тоқсан ішінде 20,7 кг ет және ет өнімдері тиесілі болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 20,6 кг болған. Сүт және сүт өнімдерін тұтыну 57,2 литрден 58,1 литрге, жұмыртқа 52 данадан 54 данаға, көкөніс 18,3 кг 18,7 кг, картоп 11,3 кг 11,4 кг. дейін өсті. Сондай-ақ балық пен теңіз өнімдерін тұтыну 3,5 кг-нан 3,6 кг-ға дейін артты.
Алайда жарма және дәнді дақылдар өнімдерін, жеміс, жидек пен жаңғақ, қант, тосап және бал тұтыну азайды. Майлар мен тоңмайларды тұтыну өзгеріссіз қалды.
2026 жылдың үш айында Қазақстанның бір тұрғынының тұтыну көлемі орта есеппен мынадай болған:
11,4 кг картоп;
6 кг бірінші сұрыпты ұннан дайындалған бидай наны;
6 кг сиыр еті;
4,8 кг алма;
4,6 кг құмшекер;
4,2 кг күріш;
3,1 литр айран;
2,6 кг макарон өнімдері;
2,4 литр шикі сүт;
2,1 кг жаңа немесе салқындатылған балық;
54 жұмыртқа;
0,3 кг қара шай тұтынған.
2026 жылдың I тоқсанында жан басына шаққандағы көкөніс тұтыну көлемі орта есеппен 18,7 кг болып, былтырғы көрсеткіштен 2,2%-ға өсті.
Қала тұрғындарының көкөніс тұтыну көрсеткіші бір адамға 19,3 кг болса, ауылдық жерде 17,6 кг болды.
"Көкөністі ең көп тұтыну Алматы қаласында тіркелді – жан басына шаққанда 23,2 кг. Одан кейін Жетісу облысы – 22,8 кг және Түркістан облысы – 21,4 кг. Ең төменгі көрсеткіштер Шығыс Қазақстан облысында – 16,5 кг, сондай-ақ Абай және Алматы облыстарында – әрқайсысында 16 кг болды", - дейді статистика мамандары.
Ет және ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан, Жетісу, Ақмола және Қарағанды облыстарында тіркелді. Ал ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында байқалды.
Продажа мяса на рынках Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Қазақстанда ет қымбаттады - Жұманғарин нарыққа талдау жүргізуді тапсырды
Жаңалықтар
0