https://sputnik.kz/20260724/qazaqstanda-et-qymbattady---zhumangarin-naryqqa-taldau-zhurgizudy-tapsyrdy-65160550.html
Қазақстанда ет қымбаттады - Жұманғарин нарыққа талдау жүргізуді тапсырды
Қазақстанда ет қымбаттады - Жұманғарин нарыққа талдау жүргізуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстауға арналған шаралар да қолға алынады 24.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-24T11:49+0500
2026-07-24T11:49+0500
2026-07-24T11:49+0500
ет
баға
нарық
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/1b/59968887_6:174:949:704_1920x0_80_0_0_09fd7240d9441ec81e7fee1a8ed55de5.jpg
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Вице-премьер Серік Жұманғарин ет бағасының өсуіне байланысты тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, соңғы аптада қызанақ (-15,1%), қияр (-18,2%), сәбіз (-5,2%) және жұмыртқа (-2,4%) айтарлықтай арзандады. Бірақ қой еті (2%), жылқы еті (1,3%) және тартылған ет (0,6%) бағасы өсті.Осыған байланысты премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкіметтің алдағы іс-қимылын айқындау үшін өндіріс көлемін, ішкі тұтыну мен экспорттық жеткізілімді ескере отырып, ет және ет өнімдерін өндіру нарығына егжей-тегжейлі талдау жүргізуді тапсырды.Алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстауға арналған шаралар да қолға алынады. Олар:Ал әкімдіктер осы жеңілдіктердің нәтижесін бақылап, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуі тиіс.Бұдан бөлек, жыл соңына дейін өсімдік майын тазартатын үш зауытты пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ол ішкі нарықтағы күнбағыс майын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20260625/kerisinshe-tusedi-vitse-ministr-zhazdagy-azyq-tulik-bagasy-turaly-aytty-64422601.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/1b/59968887_76:83:924:719_1920x0_80_0_0_29cff0cda48871d8197cec75b8133266.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ет, баға, нарық
Қазақстанда ет қымбаттады - Жұманғарин нарыққа талдау жүргізуді тапсырды
Алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстауға арналған шаралар да қолға алынады
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Вице-премьер Серік Жұманғарин ет бағасының өсуіне байланысты тапсырма берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, соңғы аптада қызанақ (-15,1%), қияр (-18,2%), сәбіз (-5,2%) және жұмыртқа (-2,4%) айтарлықтай арзандады. Бірақ қой еті (2%), жылқы еті (1,3%) және тартылған ет (0,6%) бағасы өсті.
Осыған байланысты премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкіметтің алдағы іс-қимылын айқындау үшін өндіріс көлемін, ішкі тұтыну мен экспорттық жеткізілімді ескере отырып, ет және ет өнімдерін өндіру нарығына егжей-тегжейлі талдау жүргізуді тапсырды.
"Бағаның айтарлықтай өсуінің әрбір жағдайы бойынша жеткізілімнің барлық тізбегін талдау және қымбаттаудың себебін жою қажет. Бейінді министрліктер мен әкімдіктерге ірі көтерме жеткізушілермен және импорттаушылармен кездесулер өткізуді, қолданыстағы кедергілерді айқындауды және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қарсы міндеттемелерді міндетті түрде қабылдаған кезде мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларын әзірлеуді тапсырамын", — деді Жұманғарин арнайы кеңесте.
Алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстауға арналған шаралар да қолға алынады. Олар:
нан пісіру саласының 40 кәсіпорны үшін электр энергиясына жеңілдетілген тариф енгізу;
ел ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының теміржол тасымалына 70% жеңілдік ұсыну.
Ал әкімдіктер осы жеңілдіктердің нәтижесін бақылап, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуі тиіс.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін өсімдік майын тазартатын үш зауытты пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ол ішкі нарықтағы күнбағыс майын ұлғайтуға мүмкіндік береді.