Астанада жылу қашан беріледі

© Photo : акимат Туркестанской областиЖылу батареясы
Жылу батареясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
Ауа райы көрсеткіштеріне қарай осы аптаның соңына дейін тағы бес өңірде жылу берілді
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Энергетика министрлігі жылу беру кестесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде жылыту маусымы бес өңірде - Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында басталды.
Вице-министр Қайырхан Тұтқышбаевтың айтуынша, ауа райы көрсеткіштеріне қарай осы аптаның соңына дейін тағы бес өңірде жылу берілді. Олар: Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау облыстарында және Абай облыстары.
Ал Семей қаласында дайындық 82%-ды құрайды. 27 қыркүйекте Сорғы жабдығы жеткізілді. Қазіргі уақытта оны орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Осыған байланысты, Абай облысының әкімдігіжөндеу жұмыстарын барынша қысқа мерзімде аяқтау қажет", - деді вице-министр.

Қазақстандықтарға жылу үшін 1,2 млрд теңге қайтарылады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Қазақстандықтарға жылу үшін 1,2 млрд теңге қайтарылады
Жаңалықтар
0