https://sputnik.kz/20260917/qazaqstandyqtarga-zhylu-ushin-12-mlrd-tenge-qaytarylady--66748339.html
Қазақстандықтарға жылу үшін 1,2 млрд теңге қайтарылады
Қазақстандықтарға жылу үшін 1,2 млрд теңге қайтарылады
Sputnik Қазақстан
Ең үлкен сома Астанада тіркелді 17.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-17T20:55+0500
2026-09-17T20:55+0500
2026-09-17T20:55+0500
жылу
ұлттық экономика министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e9/08/13/56436762_0:0:1081:608_1920x0_80_0_0_d14d208d3d5cf8af3bf86549ce92ec86.jpg
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандықтар қайта есептеу нәтижесінде жылу ақысы үшін жалпы сомасы 1,2 миллиард теңгеден асатын қаражатты қайтарып алады.Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады.Айтуларынша, тиісті сома тұтынушының дербес шотында аванс түрінде жеке жолмен көрсетіледі.Қарағанды, Ұлытау және Жетісу облыстарында жеке қайта есептеу қарастырылмаған, себебі жылумен жабдықтау қызметінің құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып есептелген. Астана қаласында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы үшін төлем сыртқы ауаның нақты температурасына қарай маусым бойы ай сайын түзетіліп отырды, дейді комитет.Ал 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға 1 554,7 млн теңге сомасына қайта есептеу жүргізілген.
https://sputnik.kz/20250307/aqtaulyqtarga-zhylu-ushin-tolegen-22-mln-tengesi-qaytarylady-51437472.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/13/56436762_23:0:983:720_1920x0_80_0_0_cf9e1ab03224840b1c3695cbebca4354.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу, ұлттық экономика министрлігі
жылу, ұлттық экономика министрлігі
Қазақстандықтарға жылу үшін 1,2 млрд теңге қайтарылады
Ең үлкен сома Астанада тіркелді
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандықтар қайта есептеу нәтижесінде жылу ақысы үшін жалпы сомасы 1,2 миллиард теңгеден асатын қаражатты қайтарып алады.
Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады.
"2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектілері жылу энергиясы үшін төлемді жалпы сомасы ҚҚС-ты қоса алғанда 1 217,02 млн теңгеге қайта есептеді", - делінген хабарламада.
Айтуларынша, тиісті сома тұтынушының дербес шотында аванс түрінде жеке жолмен көрсетіледі.
Қарағанды, Ұлытау және Жетісу облыстарында жеке қайта есептеу қарастырылмаған, себебі жылумен жабдықтау қызметінің құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып есептелген.
Астана қаласында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы үшін төлем сыртқы ауаның нақты температурасына қарай маусым бойы ай сайын түзетіліп отырды, дейді комитет.
Ал 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға 1 554,7 млн теңге сомасына қайта есептеу жүргізілген.