https://sputnik.kz/20260928/toqaev-rybakinanyn-adami-qasietterine-ayryqsha-toqtaldy-67093113.html
Тоқаев Рыбакинаның адами қасиеттеріне айрықша тоқталды
Тоқаев Рыбакинаның адами қасиеттеріне айрықша тоқталды
Sputnik Қазақстан
Президент теннисшінің кортта да, жұртшылық ортасында да байыптылық байқататынын, ішкі мәдениеті жоғары екенін атап өтті 28.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-28T12:52+0500
2026-09-28T12:52+0500
2026-09-28T13:02+0500
қасым-жомарт тоқаев
елена рыбакина
теннис
https://sputnik.kz/img/07ea/09/1c/67092803_0:15:1280:735_1920x0_80_0_0_4f5a5ce2352305bf4c9d97ff63bb7a7a.jpg
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жарқын жеңісімен және теннистен "әлемнің бірінші ракеткасы" мәртебесіне ие болуымен құттықтады.Президент тарихи мәні зор осынау табыс отандық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.Президент Елена Рыбакинаның адами қасиеттеріне айрықша тоқталды.Елена Рыбакина мемлекет басшысына өзін ұдайы қолдағаны, сондай-ақ Қазақстанда үлкен теннистің дамуына айрықша қамқорлық көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдірді.Әлемнің бірінші ракеткасы Қазақстан атынан өнер көрсетуді мақтан тұтатынын мәлімдеді. Теннисші алдағы уақытта да жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жанкүйерлерін жаңа жеңістермен қуанта беруге ниетті.Президент спорттағы ерен жетістіктері және Қазақстанда теннистің дамуы мен насихатталуына қосқан үлкен үлесі үшін Елена Рыбакинаны III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады
https://sputnik.kz/20260914/elena-rybakina-resmi-turde-alemnin-birinshi-raketkasy-atandy-66607888.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/1c/67092803_140:0:1140:750_1920x0_80_0_0_6c3c1becbea0e4fe4d54874fd7a63afb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, елена рыбакина, теннис
қасым-жомарт тоқаев, елена рыбакина, теннис
Тоқаев Рыбакинаның адами қасиеттеріне айрықша тоқталды
12:52 28.09.2026 (жаңартылды: 13:02 28.09.2026) Президент теннисшінің кортта да, жұртшылық ортасында да байыптылық байқататынын, ішкі мәдениеті жоғары екенін атап өтті
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жарқын жеңісімен және теннистен "әлемнің бірінші ракеткасы" мәртебесіне ие болуымен құттықтады.
Президент тарихи мәні зор осынау табыс отандық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.
"Сіздің жеңістеріңізден кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, секцияларға көптеп жазылады. Олар да чемпион болғысы келеді. Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз. Бұл – өте оң үрдіс. Өскелең ұрпақты спортқа баулу керек, өйткені бұл олардың келешегі үшін өте маңызды. Үш бірдей Үлкен дулыға турниріндегі жеңісіңіз теннис жылнамасына өшпестей болып жазылды. Мұнымен тоқтамай, алда әлі талай асуды бағындырасыз деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Елена Рыбакинаның адами қасиеттеріне айрықша тоқталды.
"Сіз кортта да, жұртшылық ортасында да байыптылығыңызды байқатасыз. Ішкі мәдениетіңіз жоғары екенін үнемі айтып жүремін. Қазақстанды спортқа, әсіресе, тенниске қолдау көрсететін өркениетті әрі дамыған мемлекет ретінде таныту тұрғысынан мұның маңызы өте зор", – деді ол.
Елена Рыбакина мемлекет басшысына өзін ұдайы қолдағаны, сондай-ақ Қазақстанда үлкен теннистің дамуына айрықша қамқорлық көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдірді.
Әлемнің бірінші ракеткасы Қазақстан атынан өнер көрсетуді мақтан тұтатынын мәлімдеді. Теннисші алдағы уақытта да жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жанкүйерлерін жаңа жеңістермен қуанта беруге ниетті.
Президент спорттағы ерен жетістіктері және Қазақстанда теннистің дамуы мен насихатталуына қосқан үлкен үлесі үшін Елена Рыбакинаны III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады