Биыл ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелеріне қатысты 45 қылмыстық іс сотқа жолданды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2026
Жазылу
Қызылордада жүйелі түрде, оның ішінде кәсіпкерлерден ақша бопсалағаны үшін жергілікті қылмыстық ортаның 8 өкілі сотталды
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Биыл ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелеріне қатысты 45 қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлады Polisia.kz.
Мәселен, Қарағанды облысында өңірдегі тау-кен байыту кәсіпорындарынан тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық қоғамдастықтың ұйымдастырушысы мен 10 қатысушысына қатысты сот үкімі жарияланды. Сот оларды 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
"Сондай-ақ облыстағы ірі қала құраушы кәсіпорын аумағынан мүлікті жасырын алаяқтық схемаларын пайдалана отырып ұрлаудың осындай фактілеріне қатысы бар ҰҚТ басшысы мен төрт қатысушысына қатысты айыптау үкімі шығарылды. Оларға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Алматы қаласында автокөліктерді заңсыз тіркеуге, VIN-кодтар мен ақпараттық жүйелердегі деректерді өзгертуге, сондай-ақ автокөліктерді сату кезінде алаяқтық жасауға қатысы бар ҰҚТ-ның 13 мүшесі 8 жылға дейінгі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Елордада есірткі заттарын өткізгені үшін ҰҚТ ұйымдастырушысы мен 5 қатысушысы сотталды. Ұйымдастырушы 17 жылға бас бостандығынан айырылса, оның сыбайластарына 16 жылға дейінгі мерзімге жаза тағайындалды.
Қызылордада жүйелі түрде, оның ішінде кәсіпкерлерден ақша бопсалағаны үшін жергілікті қылмыстық ортаның 8 өкілі сотталды. Тергеу барысында оларға ҰҚТ қызметіне басшылық ету және оған қатысу айыптары тағылды. Сот үкімімен 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
"Бопсалаумен айналысқан": Жамбыл облысында қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0