"Бопсалаумен айналысқан": Жамбыл облысында қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Жазылу
Суық қару, байланыс құралдары, ірі көлемдегі қаражат, сондай-ақ автокөліктер тәркіленді
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында ауыр жүк көліктерін бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктілерге өңірдегі шекара бекеті арқылы өтетін ауыр жүк, жолаушылар, жеңіл және транзиттік автокөлік жүргізушілерінен жүйелі түрде ақша бопсалады деген айып тағылып отыр.
"27 тінту іс-шарасы жүргізілді. Суық қару, байланыс құралдары, ірі көлемдегі қаражат, сондай-ақ автокөліктер тәркіленді. Тергеу бір топ адам жасаған бопсалау фактісі бойынша жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта заңсыз әрекеттердің барлық мән-жайы, оған қатысушылардың әрқайсысының рөлі, сондай-ақ ықтимал қосымша эпизодтар анықталып жатыр.
Здание СИЗО-72 в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Алматы облысында түрмедегілер қылмыстық топ құрып, өзге сотталушылардан ақша бопсалаған
Жаңалықтар
0