https://sputnik.kz/20260617/almaty-oblysynda-turmedegiler-qylmystyq-top-quryp-ozge-sottalushylardan-aqsha-bopsalagan-64192822.html
Алматы облысында түрмедегілер қылмыстық топ құрып, өзге сотталушылардан ақша бопсалаған
Алматы облысында түрмедегілер қылмыстық топ құрып, өзге сотталушылардан ақша бопсалаған
Sputnik Қазақстан
Талаптарын орындаудан бас тартқан жәбірленушілер ұрып-соғуға, қорлауға және өзге де дене күшін қолдану түрлеріне ұшыраған 17.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-17T20:37+0500
2026-06-17T20:37+0500
2026-06-17T20:39+0500
алматы
түрме
сотталушы
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38664144_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_3a67c3c8c998434996b244e52a97b084.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады бас прокуратура.Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Заречный кентінде орналасқан №14 түзеу мекемесінде қылмыстық әрекет ұйымдастырған қылмыстық топтың 10 мүшесіне қатысты үкім шығарды.Анықталғандай, 2022-2024 жылдар аралығында аталған мекемеде жазасын өтеп жүрген жекелеген сотталғандар тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, психологиялық қысым көрсету және күш қолдану арқылы басқа сотталғандарға қатысты заңсыз әрекеттер жасаған.Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін тағылған айыптардың барлық тармағы бойынша кінәлі деп танып, оларға 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20260514/turkistan-oblysynda-sheteldikterden-aqsha-bopsalagan-er-adam-ustaldy-63429829.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38664144_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_bd2b7772b12ae25a2e51a6cbcb9eceda.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, түрме, сотталушы
Алматы облысында түрмедегілер қылмыстық топ құрып, өзге сотталушылардан ақша бопсалаған
20:37 17.06.2026 (жаңартылды: 20:39 17.06.2026) Талаптарын орындаудан бас тартқан жәбірленушілер ұрып-соғуға, қорлауға және өзге де дене күшін қолдану түрлеріне ұшыраған
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады бас прокуратура.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Заречный кентінде орналасқан №14 түзеу мекемесінде қылмыстық әрекет ұйымдастырған қылмыстық топтың 10 мүшесіне қатысты үкім шығарды.
Анықталғандай, 2022-2024 жылдар аралығында аталған мекемеде жазасын өтеп жүрген жекелеген сотталғандар тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, психологиялық қысым көрсету және күш қолдану арқылы басқа сотталғандарға қатысты заңсыз әрекеттер жасаған.
"Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері басқа сотталғандардан жүйелі түрде ақша бопсалап отырған. Алынған қаражат банк карталарына және Kaspi мен басқа да мобильді қосымшалардағы өздерінің бақылауындағы шоттарға аударылған. Талаптарын орындаудан бас тартқан жәбірленушілер ұрып-соғуға, қорлауға және өзге де дене күшін қолдану түрлеріне ұшыраған", - деп жазылған хабарламада.
Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін тағылған айыптардың барлық тармағы бойынша кінәлі деп танып, оларға 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.