Түркістан облысында шетелдіктерден ақша бопсалаған ер адам ұсталды

© Photo : polisia.kzНадпись Polisia на форме
Надпись Polisia на форме - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы "Қапланбек" өткізу бекетінде шетелдіктерден ақша бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтіке желіде тарады. Онда басын бүркемелеген ер адам үшкір бұрағышпен шетелдіктерді қорқытып, ақша сұрағаны түсіп қалған.
Полиция қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Түркістан облысының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Ол жұмыссыз, тұрақты тұрғылықты жері жоқ адам болып шықты.
"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді полиция.
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2026
Оралда ер адамды фотосымен бопсалаған әйел ұсталды
Жаңалықтар
0