https://sputnik.kz/20260926/ush-zhagday-rastaldy-qaragandy-universiteti-zhelidegi-aqparatqa-qatysty-malimdeme-zhasady-67050824.html
"Үш жағдай расталды": Қарағанды университеті желідегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
"Үш жағдай расталды": Қарағанды университеті желідегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік желіде Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ қабырғасында студенттердің туберкулезбен ауырып жатқаны жайлы ақпарат тарады 26.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-26T14:00+0500
2026-09-26T14:00+0500
2026-09-26T14:00+0500
мәлімдеме
туберкулез
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/12/59682372_0:152:3126:1911_1920x0_80_0_0_9ecb0975e9dacee72affab3848d720dd.jpg
АСТАНА, 26 қыркүйек - Sputnik. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ қазіргі уақытта туберкулездің үш жағдайы расталғанын, ал он жағдай туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. "Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде аталған жағдайлардың өзара байланысы жоқ екені анықталды. Науқастар бір-бірімен байланыста болмаған. Олардың екеуі басқа өңірлерден келген, біреуі жергілікті тұрғын", - делінген мәлімдемеде. Университет санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен және медициналық ұйымдармен бірлесіп, қажетті профилактикалық іс-шараларды жүргізіп жатыр. Жақын байланыста болған адамдар анықталып, оларға медициналық бақылау ұйымдастырылды. Тиісті үй-жайларда санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қабылданды.Жағдай университет басшылығының бақылауында. Санитариялық қызметтердің ұсынымдарына сәйкес қабылданып жатқан уақытша шараларды қоспағанда, оқу үдерісі штаттық режимде жалғасып жатыр, деп хабарлады Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ.
https://sputnik.kz/20260727/astana-turgyny-balasyna-meyirgerden-tuberkulez-zhuqqanyn-malimdedi--tekseris-bastaldy-65242837.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/12/59682372_297:0:3026:2047_1920x0_80_0_0_4ad74c4211c6fb0c9f0fe749f939ac10.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәлімдеме, туберкулез
"Үш жағдай расталды": Қарағанды университеті желідегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ қабырғасында студенттердің туберкулезбен ауырып жатқаны жайлы ақпарат тарады
АСТАНА, 26 қыркүйек - Sputnik. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ қазіргі уақытта туберкулездің үш жағдайы расталғанын, ал он жағдай туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
"Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде аталған жағдайлардың өзара байланысы жоқ екені анықталды. Науқастар бір-бірімен байланыста болмаған. Олардың екеуі басқа өңірлерден келген, біреуі жергілікті тұрғын", - делінген мәлімдемеде.
Университет санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен және медициналық ұйымдармен бірлесіп, қажетті профилактикалық іс-шараларды жүргізіп жатыр. Жақын байланыста болған адамдар анықталып, оларға медициналық бақылау ұйымдастырылды. Тиісті үй-жайларда санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қабылданды.
"Іс-шаралар жүргізілген кезеңде жекелеген топтар уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Жақын байланыста болған адамдар мамандардың ұсынымдарына сәйкес 14 күн бойы медициналық бақылауда болады. Бұдан бөлек, студенттер арасында қосымша профилактикалық медициналық тексеру ұйымдастырылды", - деп хабарлады университет.
Жағдай университет басшылығының бақылауында. Санитариялық қызметтердің ұсынымдарына сәйкес қабылданып жатқан уақытша шараларды қоспағанда, оқу үдерісі штаттық режимде жалғасып жатыр, деп хабарлады Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ.