https://sputnik.kz/20260727/astana-turgyny-balasyna-meyirgerden-tuberkulez-zhuqqanyn-malimdedi--tekseris-bastaldy-65242837.html
Астана тұрғыны баласына мейіргерден туберкулез жұққанын мәлімдеді – тексеріс басталды
Астана тұрғыны баласына мейіргерден туберкулез жұққанын мәлімдеді – тексеріс басталды
Sputnik Қазақстан
Медициналық тексеру нәтижесінде бүлдіршінге туберкулез диагнозы қойылған 27.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-27T13:59+0500
2026-07-27T13:59+0500
2026-07-27T13:59+0500
астана
бала
туберкулез
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37180085_0:0:3088:1737_1920x0_80_0_0_b6c5239d07b8713c86963ecdd91c3faf.jpg
АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Астанадағы балалар ауруханасында ем алған бір жасар бала туберкулез жұқтырған. Осылай деп мәлімдеген баланың әкесі кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Баланың әкесінің айтуынша, сәби Астанадағы №1 көпбейінді балалар ауруханасында емделіп жатқан кезде мейіргерден туберкулездің ашық түрін жұқтырған.Бала сәуір айында екіжақты ауыр пневмония диагнозымен ауруханада бір апта ем алып, кейін үйіне шығарылған. Алайда арада біраз уақыт өткен соң осы аурухананың бір мейіргерінен туберкулездің ашық түрі анықталған. Осыған байланысты ауруханада емделген балалар қайта тексеруден өткізілген.Тексеру барысында баланың өкпесінен дақ анықталып, ол екі апта бойы ем қабылдаған. Кейінгі медициналық тексеру нәтижесінде бүлдіршінге туберкулез диагнозы қойылған. Енді ол анасымен бірге арнайы диспансерде ем қабылдайды.Баланың ата-анасы заңгерлердің көмегіне жүгінбек.Ал Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл факті бойынша тексеру басталғанын хабарлады.Сондай-ақ комиссия жұмысына Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығының және Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары тартылған. Қазіргі уақытта тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20260207/qazaqstanda-tuberkulez-zhuqtyrgandar-sany-10-ga-tomendedi-61007017.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37180085_82:0:2813:2048_1920x0_80_0_0_c117ebdf35b9cae4546d54a59bbba56d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, бала, туберкулез
Астана тұрғыны баласына мейіргерден туберкулез жұққанын мәлімдеді – тексеріс басталды
Медициналық тексеру нәтижесінде бүлдіршінге туберкулез диагнозы қойылған
АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Астанадағы балалар ауруханасында ем алған бір жасар бала туберкулез жұқтырған. Осылай деп мәлімдеген баланың әкесі кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Баланың әкесінің айтуынша, сәби Астанадағы №1 көпбейінді балалар ауруханасында емделіп жатқан кезде мейіргерден туберкулездің ашық түрін жұқтырған.
Бала сәуір айында екіжақты ауыр пневмония диагнозымен ауруханада бір апта ем алып, кейін үйіне шығарылған. Алайда арада біраз уақыт өткен соң осы аурухананың бір мейіргерінен туберкулездің ашық түрі анықталған. Осыған байланысты ауруханада емделген балалар қайта тексеруден өткізілген.
Тексеру барысында баланың өкпесінен дақ анықталып, ол екі апта бойы ем қабылдаған. Кейінгі медициналық тексеру нәтижесінде бүлдіршінге туберкулез диагнозы қойылған. Енді ол анасымен бірге арнайы диспансерде ем қабылдайды.
Баланың ата-анасы заңгерлердің көмегіне жүгінбек.
Ал Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл факті бойынша тексеру басталғанын хабарлады.
"Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баланың туберкулезге шалдығу фактісі бойынша мән-жайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлайды. Комиссия құрамына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының штаттан тыс бас мамандары – педиатр, фтизиатр, пульмонолог, сондай-ақ сәулелік және функционалдық диагностика саласының маманы енгізілді", – делінген басқарма хабарламасында.
Сондай-ақ комиссия жұмысына Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығының және Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары тартылған. Қазіргі уақытта тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.