https://sputnik.kz/20260925/toqaev-qazaqstan-men-qytay-arasynda-zhana-bagdarlamany-iske-qosudy-usyndy-67014517.html
Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасында жаңа бағдарламаны іске қосуды ұсынды
Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасында жаңа бағдарламаны іске қосуды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Президент Қытаймен бірлескен өндірістік жобаларды көбейтіп, қазақстандық тауарларды жаңа нарықтарға шығару қажеттігін айтты 25.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-25T13:53+0500
2026-09-25T13:53+0500
2026-09-25T13:53+0500
қасым-жомарт тоқаев
қытай
форум
https://sputnik.kz/img/07ea/09/19/67014871_0:143:2560:1583_1920x0_80_0_0_1b1d41fe2903bc619f9056c68b2e13d3.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан-Қытай" инвестициялық форумында "Common History Destiny. Designed and Made in Both China And Kazakhstan" атты қазақ-қытай бағдарламасын іске қосуды ұсынды, деп хабарлады Ақорда.Оның айтуынша бүгінде өнеркәсіп саласында жалпы құны 62 миллиард доллардан асатын 260 бірлескен ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.Ол Қазақстан жекелеген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы толыққанды өндірістік экожүйе қалыптастыруды көздеп отырғанын атап өтті.Мемлекет басшысы тау-кен металлургиясы кешеніндегі ынтымақтастықты тағы бір басым бағыт ретінде атады. Оның айтуынша, Қазақстанда уран, мыс, алтын, көмір секілді аса маңызды минералдар мен сирек кездесетін металдардың мол қоры бар.
https://sputnik.kz/20260716/qytay-qazaqstan-ekonomikasyna-30-mlrd-dollardan-astam-investitsiya-saldy--toqaev-64955899.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/19/67014871_131:0:2430:1724_1920x0_80_0_0_6ef33fb2f6e7d4f8c137bb5d814c5783.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қытай, форум
қасым-жомарт тоқаев, қытай, форум
Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасында жаңа бағдарламаны іске қосуды ұсынды
Президент Қытаймен бірлескен өндірістік жобаларды көбейтіп, қазақстандық тауарларды жаңа нарықтарға шығару қажеттігін айтты
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан-Қытай" инвестициялық форумында "Common History Destiny. Designed and Made in Both China And Kazakhstan" атты қазақ-қытай бағдарламасын іске қосуды ұсынды, деп хабарлады Ақорда.
Оның айтуынша бүгінде өнеркәсіп саласында жалпы құны 62 миллиард доллардан асатын 260 бірлескен ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.
"Қытайдың Jinyi Holding Group компаниясымен бірлесіп, Ақтөбе облысында ерекше индустриялық аймақ құрылуда. Аталған аймақ халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейтін болады. Lihua, Fufeng, Dalian Hesheng Holdings компанияларының мақта-мата кластерін қалыптастыруға және жүгері мен бидайды терең өңдеуге арналған маңызды жобаларын ерекше атап өткім келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол Қазақстан жекелеген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы толыққанды өндірістік экожүйе қалыптастыруды көздеп отырғанын атап өтті.
"Бұл қадам Орталық Азия, Еуразиялық экономикалық одақ, Оңтүстік Кавказ және Еуропа елдерінің нарықтарына бірлесіп шығуға мүмкіндік береді. Осы орайда "Common History Destiny. Designed and Made in Both China And Kazakhstan" деп аталатын қазақ-қытай бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Үкімет қытайлық серіктестермен бірге келешегі зор жобалардың тізімін әзірлеп, оның бәрін жүзеге асыруға жедел кірісуі керек", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы тау-кен металлургиясы кешеніндегі ынтымақтастықты тағы бір басым бағыт ретінде атады. Оның айтуынша, Қазақстанда уран, мыс, алтын, көмір секілді аса маңызды минералдар мен сирек кездесетін металдардың мол қоры бар.