https://sputnik.kz/20260716/qytay-qazaqstan-ekonomikasyna-30-mlrd-dollardan-astam-investitsiya-saldy--toqaev-64955899.html
Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды – Тоқаев
Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда қытай капиталы бар 8500-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр 16.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-16T14:09+0500
2026-07-16T14:09+0500
2026-07-16T14:09+0500
қасым-жомарт тоқаев
қытай
https://sputnik.kz/img/07e8/07/02/45352002_0:24:1280:744_1920x0_80_0_0_6110e7718e0c1b069c752d62343ee2cf.jpg
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесуінде айтты, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысының айтуынша, былтыр екіжақты сауда көлемі 49 миллиард долларға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш.Өткен жылдары елдер көптеген маңызды жобаны бірге табысты жүзеге асырған. Соның нәтижесінде жұмыс орындары ашылып, озық технологиялар енгізңлген.Оның айтуынша, Қытайдың автокөлік кәсіпорындары Қазақстанда өндіріс орындарын аша бастады."Мысалы, елімізде HOWO, Yutong және JAC брендтері шығарылады. Былтыр Changan, Great Wall Motor, сондай-ақ Chery мультибрендті автомобиль өндірісі іске қосылды. Бұл жобалар біздің екіжақты әріптестігіміз инновацияға, озық технология мен өнеркәсіпті жаңғырту ісіне негізделіп отырғанын көрсетеді", – деп түйіндеді президент.
https://sputnik.kz/20260715/toqaev-si-tszinpinnin-shaqyruymen-shankhayga-bardy-64932862.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/02/45352002_128:0:1152:768_1920x0_80_0_0_8b607b104fbd536274fee11c7a018527.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қытай
қасым-жомарт тоқаев, қытай
Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды – Тоқаев
Қазақстанда қытай капиталы бар 8500-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесуінде айтты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының айтуынша, былтыр екіжақты сауда көлемі 49 миллиард долларға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш.
"Қазір Қазақстанда қытай капиталы бар 8500-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде CNPC, CITIC және Huawei сияқты ірі компанияларды атап өту қажет. Біз Қытай бизнес өкілдерінің Қазақстан экономикасын жаңғыртуға сүбелі үлес қосып жатқанын жоғары бағалаймыз", - деді Тоқаев.
Өткен жылдары елдер көптеген маңызды жобаны бірге табысты жүзеге асырған. Соның нәтижесінде жұмыс орындары ашылып, озық технологиялар енгізңлген.
"Бүгін де жаңа стратегиялық жобаларды бірлесе іске асырып жатырмыз. Атап айтқанда, Sinopec компаниясымен ірі газ-химия кешені, Fufeng Group компаниясымен жүгеріні терең өңдеу зауыты, Lihua Group компаниясымен заманауи мақта-тоқыма кластері құрылысын қолға алдық", - деп толықтырды президент.
Оның айтуынша, Қытайдың автокөлік кәсіпорындары Қазақстанда өндіріс орындарын аша бастады.
"Мысалы, елімізде HOWO, Yutong және JAC брендтері шығарылады. Былтыр Changan, Great Wall Motor, сондай-ақ Chery мультибрендті автомобиль өндірісі іске қосылды. Бұл жобалар біздің екіжақты әріптестігіміз инновацияға, озық технология мен өнеркәсіпті жаңғырту ісіне негізделіп отырғанын көрсетеді", – деп түйіндеді президент.