Маңғыстаудағы трагедия: күдіктілер анықталды

© Минобороны КазахстанаНа Каспии продолжается поисковая операция
На Каспии продолжается поисковая операция - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2026
Жазылу
Тергеу барлық күдіктінің әрекетіне толық құқықтық баға береді
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды, деп хабарлады Бас прокуратура.
"Оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды, құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленді. 12 сараптама тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, қызметке салғырт қарады деген күдікке ілінген, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау жүргізіп, қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етпеген және құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған лауазымды тұлғалар анықталды. Олардың әрекеттері адамдардың қаза болуына әкеп соққан.
Тергеу барлық күдіктінің әрекетіне толық құқықтық баға беріп, оларға қатысты процестік шаралар қабылдайды.
Еске сала кетейік, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні теңіз толқыны ағызып әкетті. Олардың 12-сі көз жұмды, үшеуі құтқарылды. Тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
На Каспии продолжается поисковая операция - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2026
Каспий теңізінде іздестіру операциясы жалғасып жатыр
Жаңалықтар
0