Каспий теңізінде іздестіру операциясы жалғасып жатыр
09:38 25.09.2026 (жаңартылды: 09:41 25.09.2026)
Жазылу
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Каспий теңізінің акваториясында іздестіру операциясы жалғасып жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Тәулік бойы жүздеген құтқарушы, авиация қызметкерлері мен сүңгуірлер оқу-жаттығу кезінде жоғалып кеткен екі әскери қызметшіні іздеп жатыр. 24 қыркүйекте ашық теңізге 17 адамды теңіз толқыны ағызып әкеткен болатын. Кейін 12 әскери қызметшінің қаза болғаны белгілі болды, үшеуі құтқарылды.
"Ауқымды іздестіру-құтқару операциясына 252 әскери қызметші мен қызметкер, 34 бірлік арнайы жерүсті техникасы, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер, сондай-ақ 4 тікұшақты қоса алғанда, 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды. Ведомстволардың күштері мен құралдары су айдыны, жағалау аймағы және оған іргелес аумақтарды әуеден үздіксіз бақылап, тексеріп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия оқиғаның барлық себебі мен мән-жайын анықтау мақсатында тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Қаза болғандардың отбасыларына және зардап шеккен әскери қызметшілерге қажетті материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі.





