https://sputnik.kz/20260925/mamamdy-korip-qaytayynshy-tenizde-marqum-bolgan-sarbazdyn-songy-otinishi-67023534.html
"Мамамды көріп қайтайыншы": теңізде марқұм болған сарбаздың соңғы өтініші
"Мамамды көріп қайтайыншы": теңізде марқұм болған сарбаздың соңғы өтініші
Sputnik Қазақстан
Әсет Жаңабай Отан алдындағы борышын аман-есен атқарып, 3 қазанда ауылына оралу керек болған 25.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-25T16:39+0500
2026-09-25T16:39+0500
2026-09-25T17:24+0500
маңғыстау облысы
әскери қызметкер
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07ea/09/19/66999546_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_30b70cf3485a7411620f26ec04417bf8.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысы Шетпе ауылының тұрғыны теңізде қайтыс болған Әсет Жаңабайдың туыстары оның соңғы өтініші туралы айтты. Сарбаздың өтініші анасын көріп қайту болған,. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне марқұм сарбаздың әпкесі айтты.Елдің бәрін дос көретінЕшкімге зияны жоқ, өзімен-өзі, ауызын ашса жүрегі көрінетін Әсетті ауылдастары да, достары да ерекше күйзеліспен еске алуда. Әпкесі оны соңғы рет көргендегі сәттерімен бөлісті.Анамды көріп қайтайыншыӘсет Жаңабай Отан алдындағы борышын аман-есен атқарып, 3 қазанда ауылына оралу керек болған. Ажалдан бес күн бұрын жас жігіт 20 жасқа толған."20 қыркүйек сөйлескенбіз. Демалысқа 1 күнге жіберген. Сол күні папамыздың ағасы той жасап еді, сол тойда болып, қоштасып кетті ғой жаным. "Мамаға барайыншы, көріп қайтайыншы, туысқандарымды көрейін" деп айтқан екен. Мама да "келе ғой" деген. Сонымен бүкіл туысымен қоштасыпты, соңғы көргеніміз екен жарығымды, жұлдызымды", - дейді әпкесі.Туған күніне ақша да сала алмадымТуған күніне ақша да сала алмадым деген туысы, көкірегі қарс айырылып өкінетінін айтты."Сол күні туған күні болғасын тиын ештеңе аудара алмадым. Сосын 24-інен кейін хабарласшы деп едім. "Айлық түседі, қалағаныңды ала ғой" деп, ертең келетін гүліне де ақшасын қосып жібергім келген. Өзіңнен бұрын қаралы хабарың бірінші келді ау! 24-і деп неге айттым, неге... Бүгін, міне, айлығымды алдым, інімнен осындай хабар күттім бе", - деп әпкесінің еңірегенде етегі жасқа толып отыр.Әсет суда жүзе алмайтынSputnik Қазақстан тілшісінің телефон қоңырауын көріп, туыстары абдырап қалған.Кішкентайынан қараңғыдан, адам жоқ жерден қорқатын баламызды қара жердің суық қойнына қалай береміз деп боздады марқұмның туыстары.
https://sputnik.kz/20260925/kaspiyde-koz-zhumgan-sarbazdyn-ustazy-aqylbek-ote-meyirimdi-oqushy-edi-67010519.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/19/66999546_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_0697e02cfe3397c35f3329950e846e32.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
маңғыстау облысы, әскери қызметкер, төтенше жағдай
маңғыстау облысы, әскери қызметкер, төтенше жағдай
"Мамамды көріп қайтайыншы": теңізде марқұм болған сарбаздың соңғы өтініші
16:39 25.09.2026 (жаңартылды: 17:24 25.09.2026) Әсет Жаңабай Отан алдындағы борышын аман-есен атқарып, 3 қазанда ауылына оралу керек болған
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысы Шетпе ауылының тұрғыны теңізде қайтыс болған Әсет Жаңабайдың туыстары оның соңғы өтініші туралы айтты. Сарбаздың өтініші анасын көріп қайту болған,. Бұл туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне марқұм сарбаздың әпкесі айтты.
Ешкімге зияны жоқ, өзімен-өзі, ауызын ашса жүрегі көрінетін Әсетті ауылдастары да, достары да ерекше күйзеліспен еске алуда. Әпкесі оны соңғы рет көргендегі сәттерімен бөлісті.
"Қыршыннан кетті-ау.... Қайтейін амалым бар ма? Шарасызбын... Қайбір істің шешімі бар деуші ем, қолымнан дым келер емес. Інімнің достары көп болатын, қашан да жүрген жерінен, жолынан адаммен тез тілдесіп кетуші еді. Жасына қарамай, бәрін досым дейтін", - дейді сарбаздың әпкесі.
Әсет Жаңабай Отан алдындағы борышын аман-есен атқарып, 3 қазанда ауылына оралу керек болған. Ажалдан бес күн бұрын жас жігіт 20 жасқа толған.
"20 қыркүйек сөйлескенбіз. Демалысқа 1 күнге жіберген. Сол күні папамыздың ағасы той жасап еді, сол тойда болып, қоштасып кетті ғой жаным. "Мамаға барайыншы, көріп қайтайыншы, туысқандарымды көрейін" деп айтқан екен. Мама да "келе ғой" деген. Сонымен бүкіл туысымен қоштасыпты, соңғы көргеніміз екен жарығымды, жұлдызымды", - дейді әпкесі.
Туған күніне ақша да сала алмадым
Туған күніне ақша да сала алмадым деген туысы, көкірегі қарс айырылып өкінетінін айтты.
"Сол күні туған күні болғасын тиын ештеңе аудара алмадым. Сосын 24-інен кейін хабарласшы деп едім. "Айлық түседі, қалағаныңды ала ғой" деп, ертең келетін гүліне де ақшасын қосып жібергім келген. Өзіңнен бұрын қаралы хабарың бірінші келді ау! 24-і деп неге айттым, неге... Бүгін, міне, айлығымды алдым, інімнен осындай хабар күттім бе", - деп әпкесінің еңірегенде етегі жасқа толып отыр.
Sputnik Қазақстан тілшісінің телефон қоңырауын көріп, туыстары абдырап қалған.
"Сіз телефон соққанда Әсет пе деп қалдым. Кейде бөтен номерлермен телефон соғатын еді. Қайтейін, түк келмейді қолымнан, суық денесін құшақтап қана қалдық. 4-5 күн бұрын туған күні болып, демалыс алып, күйеуімнің жұмысына келгенде теңізге түсетінін айтқан. Менің күйеуім "сен жүзіп білмейсің ғой" дегенде, "мен жағасында жүремін ғой" деп айтқан екен", - дейді әпкесі.
Кішкентайынан қараңғыдан, адам жоқ жерден қорқатын баламызды қара жердің суық қойнына қалай береміз деп боздады марқұмның туыстары.