Каспийде көз жұмған сарбаздың ұстазы: "Ақылбек өте мейірімді оқушы еді"

© Sputnik / Айдана ДайыроваКаспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған Ақылбек Төлегенді ұстаздары қимастықпен еске алды
Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған Ақылбек Төлегенді ұстаздары қимастықпен еске алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2026
Жазылу
Ақылбек Төлеген Отан алдындағы борышын атқару кезінде Каспий теңізіне батып, қаза болды
АЛМАТЫ, 25 қыркүйек – Sputnik. Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған Маңғыстау облысындағы Жармыш ауылының тұрғыны Ақылбек Төлегенді ұстаздары қимастықпен еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Естігенде көкірегіміз қарс айырылды. Бастауыш сыныпта сабақ бердім. Өте елгезек, мейірімді, ашық-жарқын оқушы еді. Бала болып тентектік жасаған жері жоқ. Математикадан өте жақсы оқитын. Қандай тапсырма берсеңіз де, бірінші болып орындап келетін. Бір арам ойы жоқ, аңқылдаған ақкөңіл бала еді", - дейді Ақылбек Төлегеннің бастауыш сынып мұғалімі Арайлым Шанкеева.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАқылбек Төлеген бірінші қатарда солдан оңға қарай санағанда жетінші болып отыр.
Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған Ақылбек Төлегенді ұстаздары қимастықпен еске алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2026
Ақылбек Төлеген бірінші қатарда солдан оңға қарай санағанда жетінші болып отыр.
Ақылбекті мектеп бітірткен сынып жетекшісі Жамал Бибітова да ерекше ықыласпен еске алады.
"Айналасына қамқор, өте елгезек еді. Қандай қоғамдық жұмыс болсын, Ақылбек алда жүретін. Маған бір қиындық тудырған жоқ. 11-сыныпта менің сыныбымда бес ұл мектеп бітірді. Ақылбектің басбұзарлығын, тентектігін көрмедім. Адамгершілігі өте жақсы еді. Жалғыз тұратын қарт кісілерге үнемі көмектесетін", - дейді сынып жетекшісі.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАқылбек Төлеген бірінші қатарда солдан оңға қарай санағанда үшінші болып отыр.
Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған Ақылбек Төлегенді ұстаздары қимастықпен еске алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2026
Ақылбек Төлеген бірінші қатарда солдан оңға қарай санағанда үшінші болып отыр.
Еске сала кетейік, оқу-жаттығу барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауы салдарынан 17 әскери қызметшіні толқын ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза болды.
Приспущенный государственный флаг Казахстана в день национального траура - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2026
25 қыркүйек – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні
Жаңалықтар
0