Жамбыл облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды

© Photo : РixabayЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Жазылу
Көліктердің бірінің жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды
АЛМАТЫ, 24 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысы Меркі ауданы Қостоған ауылында жол апатынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 20 қыркүйекте болды.
"TANK 500" автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, "ВАЗ-2107" көлігімен соқтығысқан. Салдарынан "ВАЗ" жүргізушісі мен жол талғамайтын көліктің 3 жолаушысы қаза болды", - дейді полиция.
Шетелдік көліктің жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды.
Әлеуметтік желіде оқиғаға кінәлі жүргізуші арнайы жасақ отрядының инспекторы екені айтылып жатыр. Алайда Жамбыл облысының полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Ол ішкі істер органдарының қызметкері емес", - дейді департамент.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
Смертельное ДТП в Актюбинской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Ақтөбе облысында жол апатынан кәсіпорынның үш қызметкері көз жұмды
Жаңалықтар
0