Ақтөбе облысында жол апатынан кәсіпорынның үш қызметкері көз жұмды

© info_khromtau_aqtobe_04 в InstagramСмертельное ДТП в Актюбинской области
Смертельное ДТП в Актюбинской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Жазылу
Хромтау – Ақтөбе тасжолында ГАЗель мен Audi соқтығысты
АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. ​Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы Хромтау қаласының маңындағы Дон тау-кен байыту комбинаты қызметкерлерінің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады.
Кейінірек аймақ полициясы апат 28 шілдеде Самара - Шымкент тас жолында болғанын мәлімдеді.
"ГАЗель" мен Audi көліктері соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен 25 жастағы жолаушы қаза тапты, тағы бір адам ауруханаға барар жолда көз жұмған.Барлығы Дон тау-кен комбинатына жұмысқа бара жатқан.
Ал "ГАЗель" көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Түркістан облысында жол апатынан 7 адам көз жұмды
Жаңалықтар
0