Жалпы ішкі өнім 306 млрд долларға жетті – Тоқаев

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил на первой сессии Қазақстан Халық Кеңесі
Касым-Жомарт Токаев выступил на первой сессии Қазақстан Халық Кеңесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Жазылу
Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайыздан асты
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Соңғы 7 жылда жалпы ішкі өнім 29 пайызға артып, 306 миллиард долларға жетті. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтты, деп хабарлады Ақорда.
Алтын-валюта резерві және Ұлттық қор активтерінің көлемі 138 миллиард доллардан асты. Осы кезеңде 162 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды.
"Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайыздан асты. Қазақстанда жыл сайын 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын-үй бой көтереді", - деді президент.
Оның мәліметінше 2019 жылдан бастап, 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жеткенін атап өтті. Сондай-ақ 1200-ден астам денсаулық сақтау нысаны ашылған.
"Осы уақыт ішінде 35 мың шақырымнан астам автокөлік жолы салынып, жөнделді. Мұның бәрін тарихымыздағы ең жоғары көрсеткіш деуге болады", - деп толықтырды президент.
Белсенді жұмыстың нәтижесінде Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді.
Президент Халық кеңесінің бірініші сессиясында сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2026
Ерлан Қошанов Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды
Жаңалықтар
0