https://sputnik.kz/20260923/erlan-qoshanov-khalyq-kenesinin-toragasy-bolyp-saylandy-66939509.html
Ерлан Қошанов Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды
Ерлан Қошанов Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды
Sputnik Қазақстан
Президент ол мемлекеттік қызмет жүйесінде ұзақ жыл еңбек еткенін, бұл жұмысты абыроймен атқарғанын айтты 23.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-23T15:29+0500
2026-09-23T15:29+0500
2026-09-23T16:05+0500
президент
төраға
халық
https://sputnik.kz/img/07ea/09/17/66938162_0:79:1280:799_1920x0_80_0_0_230d13ada6af636ddc54f7fa2230798d.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынған болатын.Президент ол мемлекеттік қызмет жүйесінде ұзақ жыл еңбек еткенін, бұл жұмысты абыроймен атқарғанын және Мәжіліс төрағасы ретінде ауқымды реформаларды іске асыруға белсене атсалысқанын айтты."Енді Халық Кеңесі Төрағасы ретінде табысты жұмыс істеп, қоғамдық келісімді нығайтуға мол үлес қосатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасына мұқият назар аударып, қолдайсыздар деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Дауыс беру қорытындысы бойынша Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.Президент Қазақстан Халық Кеңесінің алдында тұрған міндеттерге ертең алғашқы сессияның негізгі отырысында кеңірек тоқталады.
https://sputnik.kz/20260923/khalyq-kenesin-erlan-qoshanov-basqaruy-mumkin-66935426.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/17/66938162_55:0:1226:878_1920x0_80_0_0_4c930709c5a4ad715bda09905503a555.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, төраға, халық
Ерлан Қошанов Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды
15:29 23.09.2026 (жаңартылды: 16:05 23.09.2026) Президент ол мемлекеттік қызмет жүйесінде ұзақ жыл еңбек еткенін, бұл жұмысты абыроймен атқарғанын айтты
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынған болатын.
"Бұл – конституциялық мәртебесі бар, беделді лауазым. Сондықтан бұл лауазымға елге белгілі, халық пен биліктің арасында дәнекер болатын азамат келуге тиіс деп санаймын. Осының бәрін ескере отырып, мен Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасын ұсынамын", - деді Тоқаев.
Президент ол мемлекеттік қызмет жүйесінде ұзақ жыл еңбек еткенін, бұл жұмысты абыроймен атқарғанын және Мәжіліс төрағасы ретінде ауқымды реформаларды іске асыруға белсене атсалысқанын айтты.
"Енді Халық Кеңесі Төрағасы ретінде табысты жұмыс істеп, қоғамдық келісімді нығайтуға мол үлес қосатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасына мұқият назар аударып, қолдайсыздар деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.
Президент Қазақстан Халық Кеңесінің алдында тұрған міндеттерге ертең алғашқы сессияның негізгі отырысында кеңірек тоқталады.