https://sputnik.kz/20260924/toqaev-buginde-omirdin-qyzygy--qalada-66976220.html
Тоқаев: Бүгінде өмірдің қызығы – қалада
Тоқаев: Бүгінде өмірдің қызығы – қалада
Sputnik Қазақстан
Президент қалада тұратын жастарды "асфальт қазағы", "шала қазақ" деп ауыл жастарына қарсы қою дұрыс емес екенін айтты 24.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-24T13:23+0500
2026-09-24T13:23+0500
2026-09-24T13:23+0500
қасым-жомарт тоқаев
ауыл
қала
https://sputnik.kz/img/07ea/09/18/66972884_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_da7fd13589a0271e2d4cf0dc80bec893.jpg
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Президент Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде жазушыларды қала тақырыбына арналған шығармаларды көбірек жазуға шақырды, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысы қоғамда ауыл тақырыбына көп көңіл бөлінетінін атап өтті.Тоқаев бүгінде бүкіл әлемде урбанизация үдерісі жүріп жатқанын айтып, қала өркениетін дәріптеудің маңызын атап өтті.Президент қалада тұратын жастарды "асфальт қазағы", "шала қазақ" деп ауыл жастарына қарсы қою дұрыс емес екенін айтты.Осыған байланысты мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жазушылар арасында қала тақырыбына арналған әдеби байқаулар өткізуді тапсырғанын айтты."Бұл халқымызға, әсіресе, жастарымызға керек дүние болмақ", – деп түйіндеді президент.
https://sputnik.kz/20260924/toqaev-zhelide-otqa-may-quyatyn-arandatushylardy-synga-aldy-66973595.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/18/66972884_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_8814d5b4f0f182482f7dab5dcac9559b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ауыл, қала
қасым-жомарт тоқаев, ауыл, қала
Тоқаев: Бүгінде өмірдің қызығы – қалада
Президент қалада тұратын жастарды "асфальт қазағы", "шала қазақ" деп ауыл жастарына қарсы қою дұрыс емес екенін айтты
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Президент Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде жазушыларды қала тақырыбына арналған шығармаларды көбірек жазуға шақырды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы қоғамда ауыл тақырыбына көп көңіл бөлінетінін атап өтті.
"Біз ауыл туралы көп айтамыз. "Ауыл – халқымыздың алтын бесігі" деп әрбір жиында айтып жүреміз. Расында, бұл – дұрыс. Бірақ қазіргі заманда бұл сөзді қайта-қайта айта берудің қажеті бар ма?" – деді президент.
Тоқаев бүгінде бүкіл әлемде урбанизация үдерісі жүріп жатқанын айтып, қала өркениетін дәріптеудің маңызын атап өтті.
"Бүгінде өмірдің қызығы – қалада. Бұл да – шындық. Қазірдің өзінде біз қалада жиналып отырмыз. Сондықтан алдымызда тұрған маңызды әрі өзекті міндет – қала өркениетін дәріптеуіміз керек. Бұл істе өркениеттің озық талаптарына сай болуымыз қажет", – деді ол.
Президент қалада тұратын жастарды "асфальт қазағы", "шала қазақ" деп ауыл жастарына қарсы қою дұрыс емес екенін айтты.
"Қазіргі таңда қалаларда өмір сүріп жатқан жастарымыз қазақ мектептерінде қазақ тілінде сапалы білім алуда. Сондықтан біртұтас халқымызды екіге бөлуді доғаруымыз керек. Мұндай әрекетті жасаудың ешқандай қажеті де, оған ешкімнің хақы да жоқ", – деді Тоқаев.
Осыған байланысты мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жазушылар арасында қала тақырыбына арналған әдеби байқаулар өткізуді тапсырғанын айтты.
"Бұл халқымызға, әсіресе, жастарымызға керек дүние болмақ", – деп түйіндеді президент.