https://sputnik.kz/20260924/toqaev-zhelide-otqa-may-quyatyn-arandatushylardy-synga-aldy-66973595.html
Кейбір арандатушылар ұлтараздықты қоздырып, әдейі отқа май құяды – Тоқаев
Кейбір арандатушылар ұлтараздықты қоздырып, әдейі отқа май құяды – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды, деді президент 24.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-24T12:17+0500
2026-09-24T12:17+0500
2026-09-24T12:27+0500
қасым-жомарт тоқаев
қазақ тілі
https://sputnik.kz/img/979/13/9791391_39:0:1963:1082_1920x0_80_0_0_b7490ddc5e98c2e76b576018ed2e3e88.jpg
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде тіл мәселесі бойынша отқа май құятын арандатушыларды сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Халық кеңесінің бірінші сессиясын ашқан мемлекет басшысы тіл мәселесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде қазақ тілі қандай да бір әкімшілік, тіпті саяси мәжбүрлеусіз өрісі кеңейіп, көпшіліктің тіліне айналды.Оның айтуынша, қазіргі жағдай басқа тілдерден бас тарту керек дегенді білдірмейді, әрі оларды шеттетуге құқық бермейді. Оған қоса, Конституцияда тіліне, тегіне, ұлтына, дiни көзқарасы мен нанымына немесе кез келген өзге де себептерге байланысты кемсітуге тыйым салынған.Осы орайда ол құқық қорғау органдары мен тұтас қоғам бұған табанды түрде қарсы тұруы керектігін ерекше атап өтті. Конституцияда бекітілген "Заң мен тәртіп" қағидатына сай әрекет ету керек."Тіл – Жаратқанның адам баласына берген ең үлкен игілігі, теңдессіз сыйы. Қандай да бір тілге қарсы күрес жүргізу – Жаратқанға, оның нығметіне қарсы шығу. Сірә, бұдан асқан ақымақтық болмас", - дейді Тоқаев.
https://sputnik.kz/20260924/aralasuga-khaqy-zhoq-toqaev-quryltay-men-khalyq-kenesinin-ayyrmashylygyn-aytty-66971330.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/979/13/9791391_279:0:1722:1082_1920x0_80_0_0_52314a24e6addb3a7a7a261c7c7ec892.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қазақ тілі
қасым-жомарт тоқаев, қазақ тілі
Кейбір арандатушылар ұлтараздықты қоздырып, әдейі отқа май құяды – Тоқаев
12:17 24.09.2026 (жаңартылды: 12:27 24.09.2026) Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды, деді президент
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде тіл мәселесі бойынша отқа май құятын арандатушыларды сынға алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Халық кеңесінің бірінші сессиясын ашқан мемлекет басшысы тіл мәселесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде қазақ тілі қандай да бір әкімшілік, тіпті саяси мәжбүрлеусіз өрісі кеңейіп, көпшіліктің тіліне айналды.
"Әсіресе, жастарымыздың қазақ тілінде еркін, сауатты сөйлейтіні қуантады. Ана тіліміз мемлекеттік тіл ретінде сұранысқа ие, ұлттық мәдениетімізді, болмысымызды шырайлы да шұрайлы туған тіліміз арқылы көрсетеміз. Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды. Мұның бәрі – толеранттық пен сенімге негізделген ортақ жұмыстың нәтижесі", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, қазіргі жағдай басқа тілдерден бас тарту керек дегенді білдірмейді, әрі оларды шеттетуге құқық бермейді. Оған қоса, Конституцияда тіліне, тегіне, ұлтына, дiни көзқарасы мен нанымына немесе кез келген өзге де себептерге байланысты кемсітуге тыйым салынған.
"Соған қарамастан ара-тұра кейбір тісқаққан арандатушылар әлеуметтік желіде ұлтараздықты қоздырып, әдейі отқа май құяды. Мына нәрсені түсінген жөн. Олардың көздегені біреу – қоғамды әлсіретіп, Қазақстанның Егемендігіне нұқсан келтіру, елді бірліктен айырып, бейбіт, алаңсыз өміріміздің астаң-кестеңін шығару.Расында олар балаларымыз бен немерелеріміздің бақытты болашағының тамырына балта шапқысы келеді", - деп атап өтті президент.
Осы орайда ол құқық қорғау органдары мен тұтас қоғам бұған табанды түрде қарсы тұруы керектігін ерекше атап өтті. Конституцияда бекітілген "Заң мен тәртіп" қағидатына сай әрекет ету керек.
"Тіл – Жаратқанның адам баласына берген ең үлкен игілігі, теңдессіз сыйы. Қандай да бір тілге қарсы күрес жүргізу – Жаратқанға, оның нығметіне қарсы шығу. Сірә, бұдан асқан ақымақтық болмас", - дейді Тоқаев.