https://sputnik.kz/20260924/somkemde-bomba-bar-auezhayda-azildegen-zholaushy-qamauga-alyndy-66971175.html
"Сөмкемде бомба бар": әуежайда әзілдеген жолаушы қамауға алынды
"Сөмкемде бомба бар": әуежайда әзілдеген жолаушы қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Әуе компаниясының өкілдері жолаушыны рейстен түсіріп, көліктегі полиция қызметкерлеріне тапсырған 24.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-24T14:58+0500
2026-09-24T14:58+0500
2026-09-24T14:58+0500
шымкент
әуежай
бомба
https://sputnik.kz/img/old/822/13/8221361_0:25:3555:2024_1920x0_80_0_0_caa7e243b680573627e6d24bdf1e129c.jpg
АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Шымкент әуежайында орынсыз әзілдеген жолаушы бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаменті.Оқиға 21 қыркүйекте Шымкент әуежайында болған. Шымкент – Астана бағыты бойынша рейске тіркелу кезінде мас ер адам өзінің жүгінде жарылғыш зат бар екенін айтқан.Әуе компаниясының өкілдері жолаушыны рейстен түсіріп, көліктегі полиция қызметкерлеріне тапсырған.Тексеру барысында оның айтқаны расталмады. Жолаушының жүгінен жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Әуежайда эвакуация жүргізілген жоқ.Ер адам қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен ол 5 тәулікке қамауға алынды.
https://sputnik.kz/20260915/bomba-qoydym-almatyda-56-zhastagy-er-adam-politsiyaga-khabarlama-qaldyrgan-66666492.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/822/13/8221361_411:0:3142:2048_1920x0_80_0_0_7cbc1c28fa4cc14260fa4b456d97bc68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, әуежай, бомба
"Сөмкемде бомба бар": әуежайда әзілдеген жолаушы қамауға алынды
Әуе компаниясының өкілдері жолаушыны рейстен түсіріп, көліктегі полиция қызметкерлеріне тапсырған
АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Шымкент әуежайында орынсыз әзілдеген жолаушы бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаменті.
Оқиға 21 қыркүйекте Шымкент әуежайында болған. Шымкент – Астана бағыты бойынша рейске тіркелу кезінде мас ер адам өзінің жүгінде жарылғыш зат бар екенін айтқан.
Әуе компаниясының өкілдері жолаушыны рейстен түсіріп, көліктегі полиция қызметкерлеріне тапсырған.
Тексеру барысында оның айтқаны расталмады. Жолаушының жүгінен жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Әуежайда эвакуация жүргізілген жоқ.
Ер адам қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен ол 5 тәулікке қамауға алынды.