"Бомба қойдым": Алматыда 56 жастағы ер адам полицияға хабарлама қалдырған

© Photo : Polisia.kz."Бомба қойдым": Алматыда 56 жастағы ер адам полицияға хабарлама қалдырған
Бомба қойдым: Алматыда 56 жастағы ер адам полицияға хабарлама қалдырған - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2026
Жазылу
Жарылғыш зат аудандық полиция басқармаларының бірінің ғимаратына қойылғаны туралы айтылған
АЛМАТЫ, 15 тамыз - Sputnik. Алматыда полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға Алматы қаласындағы аудандық полиция басқармаларының бірінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері дереу жетіп, ғимарат пен оған іргелес аумақты мұқият тексерді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш заттар, құрылғылар, оқ-дәрілер өзге де заттар анықталған жоқ", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында басқарма қызметкерлері аталған хабарламаны жасаған адамды анықтады. Ол 56 жастағы ер адам болып шықты. Ер адам іс жүзінде ешқандай жарылғыш зат қоймағанын және ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаны қасақана жасағанын мойындаған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
FlyArystan увеличивает число рейсов к Наурызу  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
"Қорғасын ба, бомба ма?": қарт жолаушының бір ауыз сөзі ұшақты екі сағатқа кешіктірді
Жаңалықтар
0