Мемлекеттік тапсырыс үшін құрылған ұйымдардың жұмысына тосқауыл қойылады

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил на первой сессии Қазақстан Халық Кеңесі
Касым-Жомарт Токаев выступил на первой сессии Қазақстан Халық Кеңесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Жазылу
Президентке бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктің тек қағаз жүзінде тіркелгені туралы ақпарат түскен
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тапсырысты игеру мақсатында ғана құрылған ұйымдардың жұмысына тосқауыл қоюды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президентке бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктің тек қағаз жүзінде тіркелгені туралы ақпарат түскен. Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай ұйымдардың шын мәнінде айқайлап тұрған атауынан басқа ештеңесі жоқ, яғни жалған құрылымдар.
"Мұндай ұйымдар азаматтардың мүддесін қорғау үшін емес, басқа мақсатта, берігін айтқанда, мансапқорлық мақсатта құрылғаны анық. Кейбір жағдайда бұл алаяқтыққа дейін жетті. Оған жол беруге болмайды. Сондықтан мұндай фактілер құқық қорғау органдарының назарына жолданады", – деді Тоқаев Халық кеңесінің бірінші сессиясында.
Оның айтуынша, тек мемлекеттік тапсырысты игеру үшін құрылған "қызмет көрсету" ұйымдарының жұмысына тосқауыл қою қажет.
Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы әлеуметтік желілерде тіл мәселесіне қатысты арандатушылық сипаттағы пікір тарататындарды да сынға алды.
Словарь  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Кейбір арандатушылар ұлтараздықты қоздырып, әдейі отқа май құяды – Тоқаев
Жаңалықтар
0