Халық кеңесі азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсына алады

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил на первой сессии Қазақстан Халық Кеңесі
Касым-Жомарт Токаев выступил на первой сессии Қазақстан Халық Кеңесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Жазылу
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Халық Кеңесіне "Ел бірлігі" орденіне үміткерлерді ұсыну құзіреті беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін Халық кеңесінің бірінші сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі мен мәдениетін кеңінен насихаттап жүрген түрлі ұлттың жастарына өз ризашылығын білдірді.
"Бұған қалай қуанбайсың? Олар, шын мәнінде, рухани дүниесі бай, бойында талант тұнған жандар. Достыққа дәнекер болған осындай адамдар қашанда жоғары құрмет пен қолдауға лайық. Мемлекет те оларды елеусіз қалдырмайды. Өйткені қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, әлемдік үдерістердің өркениетті, табысты қатысушысы ретінде мемлекетіміздің абырой-беделін асқақтатуға осындай азаматтардың қосар үлесі зор", - дейді Тоқаев.
Осы орайда президент бірнеше жыл бұрын "Ел бірлігі" орденінің тағайындалғанын еске салды. Бұл – ұлт тұтастығын нығайтып, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолында жемісті еңбек еткен жандарға берілетін бәсі биік, айрықша марапат.
"Конституциялық мәртебеге ие және халық атынан өкілдік ететін ұйым ретінде осы жоғары наградаға лайықты үміткерлерді Қазақстан Халық кеңесі ұсынғаны дұрыс әрі әділетті деп есептеймін", - деді мемлекет басшысы.
Словарь  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Кейбір арандатушылар ұлтараздықты қоздырып, әдейі отқа май құяды – Тоқаев
Жаңалықтар
0