https://sputnik.kz/20260923/toqaev-qauipsizdik-kenesi-apparatynyn-algashqy-kenesin-otkizdi-66934593.html
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының алғашқы кеңесін өткізді
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының алғашқы кеңесін өткізді
Sputnik Қазақстан
Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ақпарат, технология, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше тоқталды 23.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-23T14:07+0500
2026-09-23T14:07+0500
2026-09-23T14:08+0500
қасым-жомарт тоқаев
қауіпсіздік кеңесі
https://sputnik.kz/img/07ea/09/17/66934692_0:78:1280:798_1920x0_80_0_0_d83380bd500917515c50776e85e3029e.jpg
АСТАНА, 23 тамыз - Sputnik. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дербес мемлекеттік орган ретінде құрылған Қауіпсіздік кеңесі аппаратының алғашқы кеңесін өткізді.Мемлекет басшысы Аппараттың жаңа мәртебесін мемлекеттік институттарды реформалау үдерісімен сабақтастыра қарастыру қажет екенін атап өтті. ️Айтуынша, әлемдік ахуал құбылып тұрған кезеңде Қауіпсіздік Кеңесі аса маңызды мәселелер бойынша нақты әрі жан-жақты сараланған шешімдер қабылдайтын орталыққа айналуға тиіс.Тоқаев қазіргі сын-қатерлердің сипаты едәуір өзгергеніне назар аударды. Осы орайда киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жасанды интеллектіні қолдануға баса мән берілді.Президент аталған салалардағы басымдықтарды белгілеп, "Заң мен тәртіп" қағидатын негізгі бағдар ретінде атады.️ Кеңес қорытындысы бойынша Аппаратқа бірқатар нақты міндеттер жүктелді. Қазақстанның ұлттық мүддесін, егемендігі мен тұрақтылығын қорғау Қауіпсіздік кеңесі жұмысының тиімділігін айқындайтын басты өлшем болуға тиіс, деді Тоқаев.
https://sputnik.kz/20260911/toqaev-qauipsizdik-kenesi-men-onyn-apparaty-turaly-erezheni-bekitti-66548883.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/17/66934692_73:0:1210:853_1920x0_80_0_0_11f3115ec43ab2a5ff3110b6d63859db.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қауіпсіздік кеңесі
қасым-жомарт тоқаев, қауіпсіздік кеңесі
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының алғашқы кеңесін өткізді
14:07 23.09.2026 (жаңартылды: 14:08 23.09.2026) Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ақпарат, технология, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше тоқталды
АСТАНА, 23 тамыз - Sputnik. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дербес мемлекеттік орган ретінде құрылған Қауіпсіздік кеңесі аппаратының алғашқы кеңесін өткізді.
Мемлекет басшысы Аппараттың жаңа мәртебесін мемлекеттік институттарды реформалау үдерісімен сабақтастыра қарастыру қажет екенін атап өтті.
️Айтуынша, әлемдік ахуал құбылып тұрған кезеңде Қауіпсіздік Кеңесі аса маңызды мәселелер бойынша нақты әрі жан-жақты сараланған шешімдер қабылдайтын орталыққа айналуға тиіс.
Тоқаев қазіргі сын-қатерлердің сипаты едәуір өзгергеніне назар аударды. Осы орайда киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жасанды интеллектіні қолдануға баса мән берілді.
"️Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы алдағы уақытта өзектілігі арта түсетін ақпарат, технология, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше тоқталды", - деп жазды президенттің баспасөз қызметі.
Президент аталған салалардағы басымдықтарды белгілеп, "Заң мен тәртіп" қағидатын негізгі бағдар ретінде атады.️ Кеңес қорытындысы бойынша Аппаратқа бірқатар нақты міндеттер жүктелді.
Қазақстанның ұлттық мүддесін, егемендігі мен тұрақтылығын қорғау Қауіпсіздік кеңесі жұмысының тиімділігін айқындайтын басты өлшем болуға тиіс, деді Тоқаев.